2022 жылғы 24 шілдеде өткен Әйет ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылғы 24 шілдеде өткен Әйет ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылғы 24 шілдеде Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалардың негізінде сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:

Әйет сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3916 азамат енгізілді, олардың 2937 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 118, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 113.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Н.Қ. Құрманғалиев - 1598;  Т.Т. Садықов - 851; Б.А. Смайлов - 257.

Әйет ауылдық округінің әкімі болып сайланған Нұржан Қазтайұлы Құрманғалиев, 1983 жылы туған, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманның м.а., Қостанай облысы, Қостанай қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған

Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 шілдедегі шешіммен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округінің әкімін тіркеді.

2022 жылғы 24 шілдеде өткен Әйет ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
25 июля 2022