Бекітемін
Бейімбет Майлин ауданының
аналар кеңесінің төрағасы ____________ Г.Б.Мурзабаева
2020 жылғы « ___ » _________
Бейімбет Майлин ауданының
Қоғамдық келісім кеңесініңережесі
Кеңестің төрағасы болып беделді қоғам қайраткері немесе саяси-қоғамдық белсенді позициясы бар адам сайлануы мүмкін.
1) қалыптасқан жағдайды талдау, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік және басқа да жанжалдардың алдын алу және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды қолдау және дамыту;
4) ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктері мен басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау мен іске асыруға тарту;
5) әлеуметтік мәселелердің алдын алуға, келіспеушіліктер мен дауларды шешуге, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына ықпал ететін жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
6) қайырымдылық, делдалдық және жергілікті қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға ықпал ету.
1) мемлекеттік органдардан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату;
2) Кеңестің отырыстарында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдау;
3) Кеңестің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмыс топтары мен комиссиялар құру;
4) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
1) Кеңестің қызметіне жетекшілік етеді және оның отырыстарында төрағалық етеді;
2) күн тәртібін анықтайды және Кеңес отырысының хаттамаларына қол қояды.
1) Кеңес мүшелеріне оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес отырысының хаттамасын жасайды;
4) Кеңес Төрағасына өз мүшелері қабылдаған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп ұсынады;
5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындайды.Секретарь Совета не является ее членом.
Кеңестің жұмыс органы:
1) кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасулар жүргізеді;
3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.