Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 38- бабының 2- тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары Әйет ауылдық округінің сайлаушыларын Әйет ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беруге шақырады, сайлау 2022 жылғы 24 шілдеде таңғы сағат 7.00.-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша сайлау учаскелерінің үй жайында өтеді:
№ 710 сайлау учаскесі - Орынбор а. Восточная көш., 1, жеке тұрғын үй, т. 38700.
№ 711 сайлау учаскесі - Әйет а., Б. Майлин көш., 4, БЖСМ ғимараты, т.36359.
№ 712 сайлау учаскесі - Әйет а., Тәуелсіздік көш, 64, аудандық мәдениет үйінің ғимараты, т. 36602 .
№ 735 сайлау учаскесі - Красносельское а., Красносельская көш., 10, мектеп ғимараты, т. 29145.
№ 736 сайлау учаскесі - Щербиновка а., Центральная көш., 15, мектеп ғимараты, т. 38299.
Сайлауға қатысу үшін дауыс беруші өзімен бірге, өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың бірін алып баруы қажет: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты.