ЖОБА
Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №263 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №263 шешіміне, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген, келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ басшысы Л.К.Мальчевская