жоба
|
Қауымдық сервитут белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы алаңы 1,43 гектар су тарту ұңғымаларын төсеу және қызмет көрсету үшін;
Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12-183-023-135, жалпы ауданы 0,1713 гектар магистральдық желілерді төсеу және қызмет көрсету үшін.
1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.
Бейімбет Майлин
ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов