ШЕШІМ № 116 2022 жылғы 12 мамыр
2021 жылға арналған аудандық
бюджеттің атқарылуы туралы
жылдық есепті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдай келе аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 4 275 358, 0 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 662 545, 1 мың теңге (101, 4 процент);
салықтық емес түсімдер бойынша – 23 031, 3 мың теңге (182, 4 процент);
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 24 542, 8 мың теңге (117, 5 процент);
трансферттер түсімдері бойынша – 1 565 238, 8 мың теңге (100,0 процент);
2) шығындар – 4 440 530, 9 мың теңге (100,0 процент);
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 62 693, 7 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 113 277, 0 мың теңге (100,0 процент);
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 50 583, 3 мың теңге (100,3 процент);
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 46 679, 6 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -274 546, 2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 274 546, 2 мың теңге.
Есептік жылдың соңындағы бюджет қаражатының бос қалдығы 52 943,6 мың теңге.
Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков