Бейімбет Майлин ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«11» шілдедегі № 166
қаулысымен бекітілді
«Тобыл кенті әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесі
«Таран ауданы әкімдігінің «Балдәурен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Әкім аппаратында жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын (сенбі мен жексенбі күндерінен басқа) сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу мен тамақтану үшін үзілісі сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін белгіленген.
Егер әкімнің аппаратына заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын құқық берілсе, ол қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Әкімнің аппараты сәйкесті аумақты дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерімен үйлестіре тұра атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатының жүргізуін қамтамасыз етеді.
Әкімнің ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
1) Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, Тобыл кентінің (бұдан әрі кент), көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және кент әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
кент бюджетінің жоспарлауы мен атқарылуын қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына кент бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
кенттің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
кенттің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырыс берушісі болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауын жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншіктік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделеріне өкілдік етеді, кенттің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары орындалуының бақылауы мен талдауын жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің есепке алуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
2) Әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелері көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісінің бағалауын қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауын және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауын жүзеге асырады;
мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюын немесе қайта бөлуін жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюын жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығысыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржылындырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
мүлкі кенттің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарастырады, келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
Мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдар, мұрағаттар, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Әкім аппаратының міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, кент әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
әкім аппаратының құрылымы мен штаттық саны жөнінде аудан әкімдігінің бекітуіне ұсыныс жасайды;
әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
заңнамамен белгіленген тәртіпте әкім аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тағайындайды, босатады және тартады;
шешімдер мен өкімдерді қабылдайды, әкім аппаратының қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқау береді;
жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарастырады;
өз құзыреті шегінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
мемлекеттік тілдің кең қолданылуына бағытталған шаралар қолданады;
өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық әрекеттерді жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында не жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
кенттің тұрғын үй қорының түгендеуін жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша кенттің апаттық тұрғын үйлерінің бұзуын ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында кент халқына кішігірім кредит беруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкімнің жоқ болған мерзіміне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның өкілеттіктерін орындау әкімнің орынбасары жүзеге асырады.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізімі
«Таран ауданы әкімдігінің «Балдәурен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.