«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің

2020  жылғы «10» қаңтардағы

№  7   қаулысымен

бекітілді

«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ережесі

  1. Жалпы ережелер     
  1. Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Әкім аппараты туралы ережесі, құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 111711, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Павловка ауылы, Вачасов атындағы тұйық көше, 163.

Әкім аппаратында күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленді.

  1. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Осы ереже «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Әкім аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер әкім аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

  1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттер
  1. Міндеттері:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялары:

1) Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

         жергілікті қоғамдастық жиынды, ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынды, жергілікті қоғамдастық жиналысты өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынды, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиында немесе жергілікті қоғамдастық жиналыста қабылданған және ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

ауылдық округінің бюджетін жоспарлау және атқарылуды қамтамасыз етеді;             

жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округі бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

ауылдық округінің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастық дамыту бағдарламаны әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

ауылдық округінің коммуналдық мүлікке жататын объектілердің құрылысы, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округінің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

 өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде  объектіні жекешелендіруге дайындау барысында оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процессін ұйымдастыруға делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру  объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бағалауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны кепілдікке, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлікті иеліктен айыру туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округі әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.         

  1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
  1. Әкім аппаратының басшылығын әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Әкімнің өкілеттігі:

мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда әкім аппаратын ұсынады;

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

әкім аппаратының құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;

әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

заңнамамен белгіленген тәртібінде әкім аппаратының қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

шешімдер мен өкімдерді шығарады, әкім аппаратының қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді;

жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;

қызметтік құжаттары мен жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарайды;      

өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;

мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайы;

өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасайды;

жергілікті қоғамдастық жиында немесе жергілікті қоғамдастық жиналыста қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатты үнемдеу және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмысшыларды қабылдайды;

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің олардың қарамағында қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

ауылдық округінің тұрғын үй қорын түгендеу жүргізеді;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерді бұзуын ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына шағын кредит беруге жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этиканың нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.  
  1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі 
  1. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округінің коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 
  1. «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру, тарату және қайта ұйымдастыру     
  1. Әкім аппаратын құру, тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Дата публикации
30 апреля 2020