Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «11» шілдедегі
№ 166 қаулысымен
бекітілді
«Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережесі
Әкім аппаратында жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын (сенбі мен жексенбі күндерінен басқа) сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу мен тамақтану үшін үзілісі сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін белгіленген.
Егер әкімнің аппаратына заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын құқық берілсе, ол қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
1) Әкімнің аппараты өз құзреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.
2) Әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелері көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бағалауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
әкім аппаратының құрылымы мен штаттық саны жөнінде аудан әкімдігінің бекітуіне ұсыныс жасайды;
әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
заңнамада белгіленген тәртіпте әкім аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тағайындайды, босатады және тартады;
шешімдер мен өкімдерді қабылдайды, әкім аппаратының қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқау береді;
жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарастырады;
өз құзыреті шегінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
мемлекеттік тілдің кең қолданылуына бағытталған шаралар қолданады;
өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық әрекеттерді жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
ауылдық округтің тұрғын үй қорының түгендеуін жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерінің бұзуын ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында кент халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.