жоба
|
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңы 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуін;
2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуін қамтамасыз етсін.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов