2021 ж. көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп " Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ"
Ауыл шаруашылығы бөлімімен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның үшеуі электронды форматта көрсетіледі·
"Тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру". Бір жыл ішінде тракторист-машинист куәлігін беру және ауыстыру туралы 194 өтініш келіп түсті.
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) (тіркеуден шығару) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру". Келіп түскен 559 өтініш бойынша тіркеу іс-әрекеттері жүргізілді.
"Жыл сайын тракторларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" бойынша қабылданған 130 өтініш бойынша 2000-нан астам техникаға техникалық байқау жүргізілді.
Төртінші қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі-"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару)". 2021 жылы барлығы 86 өтініш бойынша жылжымалы мүлік кепілінің шарттарын тіркеу және орындалған міндеттемелер бойынша ауыртпалықтарды алып тастау жүргізілді.