«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау хаттамасы
2022 жылғы 26 сәуір Әйет ауылы
Сағат 10.00
ТӨРАІМІ: А.А. Балан – «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы
ҚАТЫСҚАНДАР: көрсетілетін қызметті берушілер органдарының мамандары,көрсетілетін қызметті алушылар, Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Н.Д. Руднева, әкім аппаратының мамандары.
Барлығы – 35 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі инспекторы Е.Б. Венгловская есеп берді.
Есеп нәтижелері бойынша қатысушылардан сұрақтар түскен жоқ.
Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:
1) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау;
5) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
7) ішкі бақылау қызметіне ай сайынғы ақпаратты белгіленген мерзімде және толық көлемде ұсынуды қамтамасыз ету;
8) баламалы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетуді қамтамасыз ету.