Бейімбет Майлин ауданының «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысы туралы есеп беру

Бейімбет Майлин ауданының «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысы туралы есеп беру

Жалпы ережелер

Мемлекеттік қызметтер «Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ-нде көрсетіледі, мекен-жайы: Тобыл кенті, Жеңіс көшесі, 5. Телефон (факс): 8(714-36) 2-13-60

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі.            Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің жіктелген тізбесі Бірыңғай қызмет тізілімі болып табылады.

«Тобыл кенті әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде 14 қызмет көрсетілген

1. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;4. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою;5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;6. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiне өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу;7. Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;9. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;10. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару;11. Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;12. Конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;13. Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату;14. Жер телімін алуға кезекке қою.
  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 Тобыл кенті әкімінің аппараты ғимаратында қолжетімді жерде ақпараттық стендттерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпарат орналастырылған. Бейімбет Майлин  ауданы әкімдігінің ресми интернет- ресурсында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бөлімінде қызмет алушыларға барлық қажетті ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылған.          

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  Тобыл кенті әкімінің  2022 жылғы 17 наурыздағы № 45-ө өкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер тағайындалды:

           Каримов Серали Муратович - Тобыл кенті әкімінің орынбасары.

           Назарбаев Ерлан Кенжетаевич - Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы.         

           Яковщенко Галина Семеновна - Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы.

           Амирханова Самал Орынтаевна - Тобыл кенті әкімі аппаратының бас маманы.

 

2021 жылы 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 29 қызмет, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 3 қызмет, «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 1 қызмет.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қолхатта мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жалпы қолжетімді болуы болып табылатыны атап өту қажет.

         2) Әкім аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған  іс-шаралар өткізіледі: ауылдық округ әкімі жанындағы жиындар, Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратымен өткізілетін семинар-кеңестер.

         3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің нормативті-құқықтарын жетілдіру.

        Тұрғындар арасында электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қажеттілік деңгейін анықтау бойынша қызмет алушылар арасында сауалнама өткізіледі.

        Бұл азаматтар және ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығының жаңа сапалы деңгейге шығуына  және мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелері жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.  

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі, уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтарды қанағаттандыру деңгейін жоғарлату болып табылады.

Есепті кезең бойы қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімі бойынша 1 бұзушылық анықталды. Бас маман  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Тобыл кенті әкімінің аппаратына азаматтардан шағымдар түскен жоқ.                           

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасының тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттандыруын арттырудың бұдан әрғы перспективалары

Әкiм аппаратындағы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрi тиiмдiлiктi арттыру және арттыру перспективаларына мыналар жатады:

- кент әкімі аппаратының қызметін қағидаттарға, заңдылыққа, қызмет алушылардың өтініштеріне жедел ден қоюға, ашықтыққа, жеделдік пен нәтижелілікке сүйене отырып қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг, ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.

          Жалпы, 2021 жыл ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруына бағытталды. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты шаралар, кемшіліктерді жою және түйткілді мәселелерді шешу бойынша мақсатты жұмыстар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі уақтылылығы мен сапасы бойынша қызметін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бейімбет Майлин ауданының «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысы туралы есеп беру
Дата публикации
28 апреля 2022