Бекітілді
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 шілдедегі
№ 163 қаулысымен
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Бейімбет Майлин ауданының жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген бола, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленеді.».
11. Осы Ереже «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен атқарылады.
13. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер уәкілетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері.
14. Миссиясы:
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттерге сәйкес жер қатынастары саласындағы басқару функцияларын жүзеге асырады.
15. Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) белгіленген тәртіпте жердің пайдалануын және қорғалуын бақылауды жүзеге асырады;
16. Функциялары:
1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке қою жұмыстарын ұйымдастыру;
2) жер телімдерін беру және олардың мақсатты тағайындалуын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен жобаларын дайындау;
2-1) мемлекеттік геологиялық жер қойнауларын зерттеу және барлауға байланысты, жер қойнауларын пайдалану мақсатында жер телімдерін беру жөнінде аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен жобаларын дайындау;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу бойынша ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіні және бөлінбейтінін анықтау;
5) елді мекендердің аумақтық жер-шаруашылық құрылымдарының жоспарларын жобасын құрастыруды ұйымдастыру ;
6) жер саудаларын (аукцион,конкурстар) өткізуді ұйымдастыру;
7) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалардың және сызбалардың сараптамасын өткізу;
8) ауданның жер балансын құру;
9) жер учаскелерінің жеке меншік иелерін, жер пайдаланушыларды және басқа да субъектілердің құқықтық жер қатынастарын есепке алуды жүргізу;
10) жер учаскелерін жалға алу және сатып алу-сату келісімшарттарын, жерлерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу, жасалған келісім шарттар шарттарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
11) Жер Кодексінің 71- бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын өткізу үшін жергілікті атқарушы органдарымен жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстарды дайындау;
12) жерлерді резервте сақтау бойынша ұсыныстарды дайындау;
13) мемлекеттік органның құзіретіне жататын, мемлекеттік қызметтерді көрсету.
14) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15) сотта бөлімнің мүддесін қорғау;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз қызметін басқа атқарушы билік органдарымен өзара байланысты жүзеге асыруға, өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
2) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, азаматтардан қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
3) жер мәселелері бойынша қаулылардың жобалары жөніндегі ұсыныстарды аудан әкімдігіне енгізуге;
4) заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға;
5) әкімшіліктегі бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулар шегінде қаржы қаражатының пайлалануын бақылауға, орындаушымен атқарылған жұмыстардың сапасына техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарын жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
20. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының уәкілеттілігі:
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларын атқаруға дербес жауапкершілік танытады;
3) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін жеке жауаптылықта болады.
4) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
5) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінң жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің уәкілеттілігін және «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінң жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
6) өзінің құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
7) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
8) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндетті түрде орындауы үшін бұйрықтарға қол қояды;
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның уәкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлігі
21. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада қарастырылған жағдайларда тікелей басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада белгіленген «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеленуден шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_________________________________________