Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « 11 » шілдедегі
№ 163 қаулысымен бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ережесі
1.Жалпы ережелері
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, қарттар, мүгедектер, сонымен қатар үйде күндізгі қараудағы мүгедек-балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленеді.
Егер заңнамалық актілермен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметімен табыс әкелу құқығы жүзеге асырылса, онда осындай қызмет түрінен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттер табыстарына жіберіледі.
16.Қызметтері:
1) халықты жұмыспен қамту саласында:
ауданның еңбек нарығы туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді, жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын болжайды, талдау жасайды;
аймақты дамыту бағдарламасы мен мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, сонымен қатар жеке секторлар шегінде жүзеге асырылатын жобаларда талап етілетін мамандардың құрылатын жұмыс орындарын болжау және ағымдағы бос орындар туралы әлеуметтік еңбектік саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйесінің мәліметтерін қалыптастыруға қатысу;
халықты жұмыспен қамтамасыз етуге қолдау жасау іс шараларын ұйымдастырады, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын әзірлейді;
халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
жұмыс берушілерден мамандардың қажеттілігін болжау туралы ақпараттарды сұрайды;
жұмыс орындарын қысқарту және босату тәуекелдерімен ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;
халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарастыратын, орындаушы билік мүшелерінің өкілдерінен, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарынан құралатын кеңес беру комиссиясы мен жұмыс топтарының қызметіне қатысады;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
кедейлікті төмендету бойынша іс-шаралар мен халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асырады;
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға беретін мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтар құрамын анықтайды;
аз қамтылған азаматтар мен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларды жекелендіріп есепке алады;
жергілікті өкілдік органдарының шешімдері бойынша қажет ететін бөлек санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді;
жергілікті бюджеттен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақысын және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындайды және төлейді;
атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы және тұрғын үй көмегін тағайындау үшін келтірілген кірістердің дұрыстығын анықтайды;
үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету;
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік жәрдемақылар тағайындайды;
қолданып жүрген заңдарға сәйкес әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін көрсету және әкімдік мәслихатына осы мәселе жөнінде ұсыныстар жасайды;
аудандық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне
бағдарламалар құрастырып, облыстық бағдарламаларға ұсыныс келтіреді;
бөлімнің құзырына жатқызылған сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдап кеңес береді;
азаматтардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыздарын қарастырып шаралар қолданады;
әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға жұмсалатын шығындарды
өтеу үшін қаржының қажеттілігін болжамдайды;
мемлекеттік мүшелерге сәйкес мемлекеттік есеп беріп, ақпарат құжаттардын дайындау;
әлеуметтік көмек көрсету мәселелер жөнінде саудалы емес (үкіметті емес) ұйымдармен қарым-қатынас жүргізеді;
көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға,
нашарқамтылған азаматтарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында мінсіз әскери қызметі мен риясыз еңбегі үшін медалдар және ордендермен марапатталмаған 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларына, Ұлы Отан соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға, сонымен қатар басқа санаттағы тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
әрекет ететін заңнамалармен бекітілген басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
мүгедектер туралы мәліметтер базасын құрастырады;
мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оларды арнайы қимылдау құралдар, протез-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық құралдар, гигиеналық құралдар, жеке көмекшілермен, сауықтыру орталықтары, шипажайларға жіберуге қолдау көрсету;
мүгедектер бойынша есептер мен мониторингті, ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру департаментіне жинау және ұсыну;
әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектер, мүгедек-балалар және оңалту шараларын орындау бойынша ауылдық округтерінің әкімдерімен қарым-қатынаста болу;
әлеуметтік инфрақұрылымды объектілерін бейімдеу мониторингі;
қозғалу аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен жүйке жүйесінде ауытқуы бар мүгедек балалар, жүйке жүйесі ауыратын 18 жастан асқан мүгедектер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, қарттар үшін тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;
қиын өмірлік жағдайы туындаған тұлғаға (отбасыға) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы қорытындыны алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде шешім қабылдау;
жалғыз тұратын және бөтен адамның күтуін қажет ететін зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетеді;
мүмкіндігі шеттелген балаларды тәрбиелейтін отбасыларға тәрбиелеу мен күту жағынан үйде көмек көрсетеді;
денсаулық сақтау және білім беру органдарымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектелген балаларды медико-педагогикалық түзеуін қолдау жөнінде қарым-қатынас жүргізу;
жалғыз тұратын қарт азаматтарды, мүгедектер, қарт кісілерге арналған жалпы түрдегі интернат-үйлеріне, психоневрологиялық интернаттарға және ми дамуы қалып қойған балаларға арналған интернат-үйлерге орналасуға көмек көрсетеді;
төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өз құзіреті шегінде әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша халық арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізу;
Халықты, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әкімдік және мәслихатқа ұсыныстар енгізу;
Жергілікті атқарушы органдарының қарауына ұсыныстар дайындау және енгізу;
Халықтың қажет ететін бөлек санаттағы азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар жасау;
өтініш білдірген азаматтардың өтініштерін, ұсыныстарын, шағымдарын қарастыру және қажетті шаралар қолдану;
жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларынамемлекеттік жәрдемақы, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру бойынша шартты ақшалай көмекті және басқа да әлеуметтік төлемдерді жергілікті өкілеттік органдардың шешімімен бөлек санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаржылық қаражаттардың қажеттілігін болжау;
жоғары тұрған мемлекеттік органдарға мониторинг, ақпараттар, мемлекеттік есептерді ұсыну;
әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша коммерциалық емес ұйымдармен қарым – қатынаста болу;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
17.Құқықтары мен міндеттері:
1) Өз қызметін басқа атқарушы басшылықтарымен қарым-қатынаста жүзеге асыру;
2) Өз құзіреті шегінде кәсіпкерлер субъектілерінен, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекемелердің сұранысы бойынша қажетті ақпараттық материалдарды алу;
3) Заңды тұлғалар мен азаматтармен келісім шарт жасау, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын сатып алу, сотта жауапты және жәбірленуші болуға;
4) Мемлекеттік мекеменің құзіретіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі және әкімімен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің жобасы бойынша ұсыныстар енгізу;
Әрекет ететін заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдар иен ұйымдарда «Бейімбет ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы іс -әрекеттерге бағытталған шараларды қолданады, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша қабылданбаған шараларға тікелей жауапты болады.
3) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға тікелей жауапты болады.
4) бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңмен қарастырылған тәртіпте жұмысқа қабылдайды және босатады, сыйақы береді, тәртіптік жауапқа тартады;
7) жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
8) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін әрекет ететін заңнамаға сәйкес оның орынбасары жүзеге асырады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлігі меншік иесі берген мүліктен құралады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жеке өзінің қызметі нәтижесінде және басқа қорлардан алынған мүліктер болуы мүмкін;
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркелген мүліктер коммуналдық жеке меншікке жатады.
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
____________________________________________