«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «11 » шілдедегі
№ 163    қаулысымен
бекітілген

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылық ететін, бәсекелестікті дамытуға, қолдауға және қорғауға, сондай ақ жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларын құруға бағытталған Бейімбет Майлин ауданының аумағында кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты өткізу функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
    3. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
    5. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    6. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
    7. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.
    10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    11. Осы Ереже «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.
    12. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    13. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  3. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  4. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті және туризмді қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
    15. Міндеттері:
    1) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, бәсекелестікті қорғау, сонымен қатар инновациялық қызметте, ғылыми-техникалық саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
    2) экономиканың шикізаттық емес секторына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай құру.
    16. Функциялары:
    1) басшымен жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнің қабылдауын және тiркеуін қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкiлдерiнің жеке қабылдауын ұйымдастырады;
    2) баға құрылуының талдауы, өз құзіретінің шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    3) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
    4) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырады;
    5) тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша талаптардың, сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер саладағы ережелер және тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    6) тұрғындар, қолданыстағы заңнамасының мәселелері бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілер арасында ақпараттық–түсіндіру жұмысын өткізеді;
    7) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
    8) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
    9) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және орындау үшін жауапты;
    10) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
    11) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
    12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
    13) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорытады;
    14) облыстың кредиттік мекемелердегі бар сыртқы қарыздардың, гранттардың шарттары бойынша кәсіпкерліктің субъектілеріне хабар беру;
    15) ауданда Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын координациялау, есептерді дайындайды;
    16) Даму институттардың, мемлекеттік және ұлттық компаниялардың, сервистік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің және өзге ұйымдардың сарапшыларды және кеңесшілерді тартуымен топты кеңес пен тренингтерді ұйымдастырады;
    17) Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуы болжамының салалық тарауының әзірлеуі, әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі бағыты, аудан дамуының стратегиясы және басымдылығы бойынша ауданның әкімдігіне және әкіміне ұсыныстарды енгізеді;
    18) Бейімбет Майлин ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны кәсіпкерлік басқармасына береді;
    19) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
    20) Бейімбет Майлин Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы туристік маршруттардың реестрін жүргізеді.
    17. Құқықтары мен міндеттері:
    1) өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдармен өзара әрекеттесіп жүзеге асыру;
    2) өз құзыреті шегінде заңнамамен орнатылған тәртіппен мемлекеттік мекеменің сұрауы бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан, кәсіпкерліктің субъектілерден қажетті ақпараттық материалдарын алу;
    3) заңды тұлғалар мен азаматтармен шарттарды жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын алу, сотта даугер және жауапкер болу;
    4) мемлекеттік мекеме құзыретінің сұрақтары бойынша аудан әкімдігімен және әкіммен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
    5) қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  5. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  6. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    19. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    20. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
    1) бөлім мамандарының функционалдық міндеттерін анықтайды;
    2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
    3) заңнамамен бекітілген тәртіпте тәртіптік жазаға тарату, материалдық көмек көрсету, ынталандыру сұрақтарын шешеді;
    4) сенімхатсыз «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
    5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзарақатынастарда «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
    6) штаттық кестесін және құрылымын, міндеттер мен төлемдер бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті тапсырмалар береді;
    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы мекемеде өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысқа жеке жауап береді.
    «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігін ол жоқ болған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнын ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
    21. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшыға жүктеледі .
  7. Мемлекеттік органның мүлкі
  8. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
    «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің    мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    23. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жекеменшікке тиесілі болады.
    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  9. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  10. «Бейімбет Майлин ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

_______________________

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
30 апреля 2020