Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «11» шілдедегі
№163 қаулысымен бекітілді
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тарапынан «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
1) «Шамшырақ -Маяк» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2) Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 60.
10. Мемлекетік органның толық атауы – «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Миссиясы: мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын үйлестіру, діни қызмет саласындағы реттеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру.
Бейімбет Майлин ауданының аумағында Қазақстан Республикасының ішкі саясаты саласында мемлекеттік басқарушылық функцияларды жүзеге асыру «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады
Ұлтымыздың алдында тұрған стратегиялық міндеттері, азаматтардың әлеуметтік сенімін мемлекеттік күшейту және қалыптастырудың бірыңғай ұғымының негізінде аудан тұрғындарының бірігуіне бағытталған ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсат болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілері мен тапсырмаларына сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындалуын, жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзыреттер шегінде мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
3) мемлекеттің даму стратегиясымен халықтың хабардар болуын және қолдау деңгейін арттыруға бағытталған өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
4) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерттеу, қорыту және талдау.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, қаулыларды, облыс және аудан әкімдіктерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру;
2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзыреттер шегінде ішкі саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету,
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарға әдіснамалық көмек көрсету, аудандық ақпараттық топтың қызметін ұйымдастыру;
4) «Көркейе бер, Қостанай!», «Рақмет саған, Туған ел» кіші жобасын және «облыстық Ресурстық орталық» «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының » «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында барлық базалық бағыттарды ақпараттық сүйемелдеу.
5) Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалдың жағдайына мониторингті жүзеге асыру;
6 ) мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді танымал ету және осы салада Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру;
7) Бейімбет Майлин ауданы аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
8) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
9) Бейімбет Майлин ауданы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асыруды бақылау;
10) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
11) ауданның жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру;
12) ұйымдарға мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті ақпараттық, түсіндіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
13) Бейімбет Майлин ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын дәйекті жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз ету;
14) Бейімбет Майлин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық-саяси, үкіметтік емес, діни, жастар ұйымдары туралы мәліметтерді жинау және қорыту жұмыстарын ұйымдастыру;
15) көрнекі үгіт құралдары мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
16) Бейімбет Майлин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің, отбасындағы толеранттылық мәселелері бойынша Аналар кеңесінің мәліметтерін жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
17) бөлімнің құзыретіне жататын талдау жазбаларды, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістердің даму тенденция мен динамикасы туралы ақпаратты, әкімдік мәжілістерінің және кеңестердің аудан әкімі жанындағы және оның әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына қарауға материалдарды дайындау;
18) өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
19) құқықтық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және іске асыру:
19-1) заңнамада белгіленген тәртіпте және жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
Осы ережемен қарастырылған функцияларды іске асыру үшін «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты, лайықты ұсыныстарын жүзеге асыру үшін уақытша жұмыс топтарын құру, мәселені дайындауға катысатын мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың жұмыскерлерін катыстыру, азаматтар мен басқа ұйымдар мен лауазымды адамдардан, мемлекеттік органдардан ақпаратты сұратуға;
2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін, ішкі саясат саласындағы мәселелер және өзге де мәселелер бар, мемлекеттік органдардың лауазымды тулғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған баска құқықтарды жүзеге асырады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға міндетті, сондай-ақ оған жүктелген функциялармен міндеттерді орындауға міндетті.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындауға жеке жауапты болады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар әрекеттерін қабылдамағанына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы шегінде «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкіне иелік жасайды;
4) шарттар жасайды;
5) сенімхаттар береді;
6) банк мекемелерінде шоттар ашады;
7) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
8) барлық ұйымдарда «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алады, босатады, сондай-ақ марапаттау шараларын қолданады және тәртіптік жаза белгілейді;
10) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
11) іссапар, тәжірибе алмасу, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудың басқа да түрлері бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспары мен тәртібін бекітеді;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережеде жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеленуден шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Бейімбет Майлин әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына жататын ұйымдардың және оның ведомстволарының тізімдемесі
1) «Шамшырақ - Маяк» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Костанай облысы, Бейімбет Майлин, Әйет ауылы, Б.Майлин көшесі 23.
2) Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.