2019 жылғы « 11 » шілдедегі
№ 163 қаулымен бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1.Жалпы ережелер
1.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
12.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілермен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Қызмет мәні: мектептен тыс және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру және басқару.
Қызмет мақсаттары: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, зияткерлік ұлт қалыптастыруға ынталанатын білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру, аудан аймағында жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және енгізу.
15.Міндеттері:
1) сапалы бәсекеге қабілетті білім қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
2) балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету, балаларды мектепке дайындауға арналған түрлі бағдарламаларға толық қол жеткізу;
3) жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың зияткерлік, физикалық және рухани дамуы үшін жағдай жасау;4) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі, жалпы орта және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруды үйлестіру және бақылау;5) білім беруді дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізу, білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
6) мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
7) Мемлекеттік қызметті анықтау және / немесе алып тастау бойынша заңнаманы бақылау, мемлекеттік органның құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту.
16.Функциялары:
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді, оның ішінде кешкі (ауысым) оқыту нысандарын және балалар үшін қосымша білім беруді қамтамасыз ету;2) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, олардың міндетті орта білім алғанға дейінгі оқыту;3) білім беру ұйымдары мен оқытушылар құрамын аттестаттауды жүргізу;4) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, физикалық және ақыл-ойы кемістігі бар балалар, барлық балалардың заңға сәйкес әлеуметтік-құқықтық қорғалуы;
5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сатып алу және жеткізуді қолдау және қолдау;
6) оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;7) оқушылар мен оқытушылар арасында аудандық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;8) мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметтер көрсету тұрғысынан жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу;9) білім беру ұйымдары басшыларына, оқытушыларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функциялар.
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) тиiстi аумақта мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара ірекеттесу;
3) сотқа талапкер мен жауапкер болуға, сондай-ақ өзге де заңға қайшы келмейтін құқықтарды жүзеге асыру;
4) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндірме беру;
5) педагогикалық және инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды реттейтін нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;6) меншік нысанына қарамастан мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің қызметін талдау;7) тиiстi бiлiм беру ұйымдарында және жеке даму топтарында оқуға арналған дене және ақыл-ойы кемiстiгi бар балаларды таңдау және жiберу үшiн аудан бойынша тұтастай алғанда бiрыңғай критерий белгiлеу және жүзеге асыру; 8) мемлекеттік қызмет стандарттарының болуын қамтамасыз етеді; 9) Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді беруді қамтамасыз етеді;10) мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы тұтынушыларға ақпарат беру;11) уәкілетті органға көрсетілетін қызметтер сапасы туралы тиісті ақпаратты ұсынады;12) мемлекеттік қызмет тұтынушыларының шағымдары мен өтініштерін қарау;13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.
19.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекеттеседі;
2) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарында мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
3) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданбаса, жеке жауапты болады;
4) шарттарды жасайды;
5) сенімхаттарды береді;
6) қызметкерлердің қазақстандық және шетелдегі оқу орталықтарында оқыту және басқа түрде қызметкерлердің біліктілігін көтеру, машықтанулар, іс-сапарлар үшін мемлекеттік мекемесінің жоспарын және тәртібін бекітеді;
7) банк есептерін ашады;
8) барлық қызметтерге арналған міндетті, нұсқауларды береді және бұйрықтарды шығарады;
9) аталған заңға сәйкес, мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және тізімдемеаралық ұйымдарының бірінші басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10)мемлекеттік қызметкерлерге және ведомствоаралық ұйымдарының бірінші басшыларына тәртіп жазасын салады және мадақтау шараларын қолданады;
11) мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің уәкілетті тобын және міндеттерін аңықтайды;
12) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа қызметтерді жүзеге асырады.
Бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26.«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі