«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « _11__ » _шілде___
№ _163__ қаулысымен
бекітілген

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер
    1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
    2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мынадай ведомствалары бар:
    1) « Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі;
    2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бейімбет Майлин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі»;
    3) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. « Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
    6.  «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7.  «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
    8. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700 Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
    10. Мемлекеттiк органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина ».
    «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі және жексенбі) жұмыс уақытының ұзақтығы,демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00 ден 14.30- ға дейінгі үзілісімен,сағат 9.00 ден 18.30 – ға дейін белгіленеді.
    11. Осы Ереже " Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    12. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк бюджетінен (шығын сметалары), республикалық және жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
    13. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
  2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
    функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
    14. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесің миссиясы – мәдениет пен өнердің баюына үлесін қосатын мәдениет ортасын сақтау, дамыту, әлемдік және отандық классика мен қазіргі заманның жетістіктерін насихаттау.
    Мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тілді және ауданда тұратын басқа да этникалық топтардың тілдерін қарқынды дамыту.
    15. Мiндеттерi:
    - мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;
    - Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына сәйкес, басқарушылық қызметінің тиімділігін арттыру;мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
    - мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
    - мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және нығайтушы функцияларын кеңейту.
    16. Функциялары:
    мәдениет мекемелерінің халықтың демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
    тілдерді қолдану мен дамыту саласындағы перспективалы, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
    атқарушы органдармен, шығармашылық бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, мәдениет қайраткерлерімен бірлесіп, мәдениет пен өнерді, мәдени мұраны сақтауды және пайдалануды дамыту жөніндегі бағдарламалар әзірлеу, оларды іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    мәдениетті дамытуға кешендік талдауды жүзеге асыру және тенденцияларын болжау, аудан аумағындағы мәдениет қызметінің жеке түрлерін дамыту мақсаттары мен басымдықтарын негіздеу;
    тарихи-мәдени мұра объектілерін мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнаманы ұстануды бақылау;
    «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
    кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
    өздерінің ұлттық-мемлекеттік ортасынан тыс өмір сүретін азаматтардың аудан аумағындағы қоғамдық орталықтарының және ұлттық мәдениет ұйымдарының қызметіне жәрдемдесу және қолдау көрсету;
    ауданның мәдениет мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
    қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сала қызметкерлерінің мүдделерін ұсынады;
    Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Үкіметінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, әкімдердің өкімдері мен шешімдерін орындау жөнінде есептер, ақпарат дайындау, уақытылы ұсыну;
    «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесің заңнамаға қарама-қайшы келмейтін мақсаттар мен міндеттерге сәйкес басқа да функцияларды орындау.
    11.         Құқықтары мен мiндеттерi:
    соттарда заңнамада белгіленген тәртіпте «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    заңды және жеке тұлғаларға «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер беру;
    4
    «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі басшылығындағы мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
    ақпараттық-презентациялық іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа да іс-шаралар), сонымен қатар мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері жөнінде кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген басқа да құқықтарын жүзеге асыру.
  3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
    12. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылығын «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
    13. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығын лауазымға аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
    14. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасалары болады.
    15. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдамаған үшін дербес жауапкершілік міндеттеледі;
    - «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімшелері басшыларының міндеттерін және өкілеттік шеңберін белгілейді;
    - бұйрықтар шығарады және орындалуы міндетті нұсқаулар береді;
    - заңда белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
    - «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
    - қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады;
    - «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшы болмаған кезінде оның өкілетттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    22. Бірінші басшысы өз орынбасыларының өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
    23. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы
    5
    заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшымен басқарады.
  4. Мемлекеттік органның мүлкi
    24. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда оперативті басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
    «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
    25. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
    26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
  5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    27. « Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    « Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
    1) « Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі;
    2) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» Бейімбет Майлин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
    3) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
30 апреля 2020