«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы
«11» шілдедегі
№ 163 қаулысымен бікітілген

 

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

  1. Жалпы ережесі
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау, ауданның коммуналдық мүлкін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
  4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
  11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленеді.».

  1. Осы Ереже "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  3. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  5. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығын тиімді іске асыруға себеп болатын мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту; тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын және ауданның коммуналдық мүлкін тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
  6. Міндеттері:

1) экономика, қаржы және әлеуметтік-экономикалық реформа мәселелері бойынша аудан аумағында бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) аудан экономикасының тұрақты дамуын қамту және инвестициялық белсендігін жарттыруға қол жеткізу;

3) аудандық мәслихат шешімімен бекітілген, ақшалай қаржы шегіндегі бюджеттік бағдарламалардың кіріс және шығыс бойынша толық және уақытында орындалуына жіберілген іс-шараларды жүзеге асырады;

4) бюджетті-қаржылық реттеу әдістемелерін жүзеге асыру;

5) мемлекеттік мүддесі үшін аудандық коммуналдық мүлікті тиімді басқару;

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Функциялары:

1) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасын әзірлейді;

2) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасына мониторинг жүргізеді;

3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтерді көрсету;

4) облыстың әлеуметтік – экономикалық даму болжамын есептегенде жергілікті бюджетке түсімдерді болжамдайды;

5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығындарының шектелімін (лимиттерін), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжалдық көрсеткіштері негізінде жаңа бастамалар шектелімін, бюджеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын, жоспарлы кезеңге аудан бюджеті тапшылығының мөлшерін анықтау;

6) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының бюджеттік және өзге де заңнамаларға сәйкестігін қарастыру, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытынды шығару және оларды қарастыру үшін Таран ауданының бюджеттік комиссиясына жіберу;

7) үш жылдық мерзімге аудан бюджеттінің жобасын құрастыру және тиісті қаржылық жылға бюджетті нақтылау, түзету жасау бойынша ауданның бюджеттік комиссиясының қарастыруына ұсыныс енгізу;

8) бюджеттік мониторингін жүзеге асыру;

9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың эконогмикалық қорытындыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар анықтайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптау қорытындысы негізінде, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобаларды әзірлеу;

10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарастыру және олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;

11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жасау;

12) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында реттейтін қатынас нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

13) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді

14) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

15) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

16) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

17) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

18) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшартының немесе сенімді басқару шарттарын орындауларына бақылау жасау;

19) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқасы қарастырылмаса, тиісті саланың өкілетті органдарымен келісім бойынша мемлекеттік мекемеге тіркелген мүлікті алу немесе оны басқа да мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлу;

20) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен келесісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсыратын және қабылдайтын тараптардың өкілетті лауазымды тұлғаларының қолдары қойылған өткізу актін бекіту;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады;

22) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болады, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

23) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;

24) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

25) конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

26) конкурстық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;

27) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

28) конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіреді;

29) мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалардан тапсырыс берушінің ұсыныстарын және ескертулерін жолданады;

30) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіпте аудан аймағында орналасқан олардың ведомстволық жағдайы мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелерден, селолық округ әкім аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға;

2) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға;

3) заңдылықтарға сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік меншіктерді сату бойынша сауда жүргізуге;

4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша секвестр тағайындалатын бюджеттік бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша төлемдердің төленуін тоқтатуға;

5) істерді айқындау және көмек көрсету үшін жергілікті жердегі басқа да бөлімдердің мамандарын тарту;

6) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелердің қызметтеріне талдау жасау, жұмыстардың жақсарғандығы туралы қажетті ұсыныстар беруге;

7) аудан әкімінің экономика бойынша орынбасарымен, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойныша мәжіліс шақыруға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттік және міндеттерін атқаруды жүзеге асыруға.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi басшылықты «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi мекемеде жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  5. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) орынбасар мен басқа да қызметкерлердің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қабылдамаған шараларға жеке жауапкершілік атқарады;

3) қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар салады;

5) бұйрықтарға қол қояды;

6) құрылымды бекітеді;

7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттік міндеттерді жүзеге асырады.

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Мемлекеттік органның мүлкі
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  4. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

___________________

 

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
30 апреля 2020