«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп

«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

Павловка ауылы, Павловка ауылы, Вачасов атындағы тұйық көшесі, 163, ғимараты мекен-жайы бойынша орналасқан «Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.   Телефон (факс): 8(71436) 3-98-80.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

Орталық пен жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізілімін құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» Павлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 04 қазандағы № 26 өкімімен бекітілген стандарттарына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында, Павлов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.

«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 14 қызметтен тұрады.

         1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

         2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

         3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

         4) Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;

         5) Жер учаскесін алуға кезекке қою;

         6) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

          7) Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

          8) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

          9) Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

         10) Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

        11) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

        12) Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою.

        13) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

        14) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

2021 жылдың ішінде 1 мемлекеттік қызмет көретілді, оның ішінде:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу: заңды тұлғаларына – 1.
  2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Павлов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді орнында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, сондай-ақ, мемлекеттік электрондық қызметтердің «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар, онда азамат ХҚКО-на жүгінбей, Қазақстан Ресубликасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орналастырылған: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі, стандарттары,  мемлекеттік қызметтерді паспорттары.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі «электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізеді.

Ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:

  1. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақыттылылығын қамтамасыз ету.
  2. Электрондық үкімет портал арқылы мемлекеттік қызметтер алу.

Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.

Есепті кезеңі ішінде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.

Ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметті алушылардан қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс ұйымдастыруға қатысты жергілікті қоғамдастық жиын өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалары

Әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективаларына жатады:

- заңдылық, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуға жедел елеу, ашықтық, тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарда негізделген ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыру.

Жалпы алғанда, 2022 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп
Дата публикации
26 апреля 2022