«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп
«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритовка ауылы, Аятская көшесі, 69 мекен-жайы бойынша орналасқан, телефон 8(71436)28385.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.
2021 жылдың ішінде 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы көрнекі ақпарат үшін ауылдық округі әкімінің ғимаратында ақпараттық стенд орналасқан, онда ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін қызметтердің тізілімі, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды бекіту туралы» Асенкритов ауылдық округі әкімінің өкімі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды қабылдау кестесі, мемлекеттік қызметтер бойынша қағидалары мен стандарттар қазақ және орыс тілдерінде ілулі.
Ауылдық округі әкімінің ғимаратында «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар. Осы «өзіне-өзі қызмет ету бұрыштың» мақсаты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Сондай-ақ, әкімдік ғимаратында e-Qoldau ашық қолжетімділік пункті (АҚП) орнатылды, ол арқылы ауыл тұрғындары электрондық сервистердің кең спектрін ала алады. Ашық қолжетімділік пунктте 900-ге дейін қызмет алуға болады – компьютерде интернетке тікелей кіру бар. Ауылдың кез келген тұрғын Қазақстан Республикасы Президентінің, парламентінің, үкіметінің, жергілікті өкімет органдардың сайттарына кіре алады және олардың немесе өзге де ведомстволары мен министрліктердің жұмыс туралы қажетті ақпаратты немесе анықтаманы ала алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі «электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізіледі.
Апта сайын округ халық арасында цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша семинарлар өткізіледі. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар үшін үйден шықпай-ақ мемлекеттік электрондық қызметтерін алуға мүмкіндік бар, 2021 жылдың ішінде Асенкритов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары үйде екі мемлекеттік қызмет көрсетті.
Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.
Есепті кезеңі ішінде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс ұйымдастыруға қатысты азаматтар жиыны онлай форматта өткізілді.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.