«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп

Жалпы ережелер

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы,Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 87 мекенжайы бойынша орналасқан, Бейімбет Майлин ауданы,телефон 87143637175.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның қызметі болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай Тізілімін құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы» Әйет  ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қазандағы  № 124-ө  өкімімен бекітілген стандарттарына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында, Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімі 14 қызметтен тұрады.

  1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
  4. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою.
  5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
    хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  7. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
    жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
  8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
  9. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  10. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  11. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  12. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  13. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  14. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

         2021 жылдың ішінде 60 мемлекеттік қызмет көретілді, оның ішінде:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу:– 40, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-8, елді мекен шегінде объект құрылысы үшін жер учаскесін беру-12.
  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны ауылдық округі әкімінің ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін көрсетілетін қызметтер тізілімі, «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты тұлғаларды бекіту туралы» ауылдық округі әкімінің  өкімі,  мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды қабылдау кестесі, мемлекеттік қызметтер бойынша қағидалары мен стандарттар орналасқан. Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ілулі.

Сондай-ақ, мемлекеттік электрондық қызметтердің «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар. Азамат ХҚКО –на жүгінбей, Қазақстан Ресубликасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, паспорттары орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі «электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады.  Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізеді.

Ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақыттылылығын қамтамасыз ету.
  2. Электрондық үкімет портал арқылы мемлекеттік қызметтер алу.

Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.

Есепті кезеңде қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі бойынша 2 бұзушылық анықталды. Мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ауылдық округ әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалары

Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективаларына жатады:

- заңдылық, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуға жедел елеу, ашықтық, тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарда негізделген ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыру.

Жалпы алғанда, 2021 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты.

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс туралы есеп
Дата публикации
13 апреля 2022