«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есеп

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есеп

1.Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет: «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен-жайы: 11700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Б. Майлин көшесі, 4. E-mail: m.shungurbaev@kostanay.gov.kz , Байланыс телефоны 8(71436)3-63-88. Бөлім басшысы-Шунгурбаев Марс Айдарханұлы.

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

 «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 Мемлекеттік қызмет көрсетеді, «спорттық разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру»: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2019 жылы барлығы 140 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Бейімбет Майлин ауданының бөлімі арқылы тегін негізде көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетіледі.

Бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің саны - 1.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында http://taran.kostanay.gov.kz «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты деректерді өзектендіру жүргізіледі,мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарты мен регламенті, Байланыс ақпараты орналастырылады.

Мемлекеттік мекемеде нормативтік – құқықтық актілері бар стендтер ресімделді, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлға анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік мекеменің жұмысы туралы ақпарат жарияланады, аудандық «Маяк» газеті 2019 жылғы 18 шілдедегі № 29.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Бейімбет Майлин ауданының дене шынықтыру және спорт қызметкерлері үшін, проблемалық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілдетіледі,Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік кедергілер мен мерзімдер қысқартылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді арттыру үшін дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік корпорациямен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында құқықтық білім мектебінде тұрақты негізде семинар-кеңестер өткізіледі.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету осы процесті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде жүргізіледі:

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардыгы қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы;

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенті.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.

2019 жылдың басынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Халықпен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет туралы есеп
Дата публикации
27 апреля 2020