2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» қызметі туралы есеп
1) Қызмет беруші туралы мәлімет.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, Әйет а., Тәуелсіздік к-сі 60, тел: 8-714-36-3-64-51.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес 2019 жылы бөліммен мемлекеттік қызметтердің 14 түрі көрсетілді. Оның ішінде:
- жер қатынастары саласында 360 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бөліммен 2019 жылы барлығы 360 қызмет көрсетілді. Барлық қызметтер тегін негізде көрсетілді, ақылы қызметтер жоқ.
3) Аса талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең талап етілетін 3 мемлекеттік қызмет:
«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру үшін Бөлімде мемлекеттік қызметтерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналасқан «Мемлекеттік қызметтер» стенді жабдықталған.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «жер қатынастары» бөлімінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналасқан.
2) Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын көпшілікте талқылау туралы ақпарат.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: 2019 жылдың маусым айында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Бейімбет Майлин ауданының Бөлімінің қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді, қызмет берушіні көрсетумен көрсетілетін қызметтердің тізімі, мемлекеттік қызметті көрсететін орын және көрсетілетін қызметтер бойынша кеңестер алу, маманның аты-жөні, тегі, әкесінің аты, мемлекеттік қызметтерді көрсету өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бөлімдегі ақпараттық стендте орналастырылған.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру 2019 жылы өткізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру 2019 жылы өткізілген жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары 2019 жылы түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2019 жылы барлығы 360 қызмет көрсетілді. Барлық қызметтер тегін негізде көрсетілді, ақылы қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрссету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2019 жылы бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қол жетімділігін және сапасын арттыру мәселелері бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, онда қарастырылған:
- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;
- стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру, Мемлекеттік корпорацияның мамандарымен, ауылдар, ауылдық округтер және Әйет а. әкімдері және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
- «бір терезе» принципі бойынша Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);
- Мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шараларды өткізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысы С. Жакупов