2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережесі
  • Қызмет беруші туралы мәлімет: «Бейімбет Майлин ауданы

әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен-жайы: 117000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 87. E-mail: l.malchevskaya@kostanay.gov.kz. Телефоны 8(71436)3-62-95. Бөлім басшысы – Мальчевская Людмила Константиновна.

  • Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар:

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталықы» КММ ведомствааралық ұйыммен бірлесіп 18 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлім 1413 қызмет көрсетті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Бейімбет Майлин ауданының бөлімі арқылы 2019 жылдың 12 айында барлығы 538 қызмет көрсетілді. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 515 қызмет. Табыстың артуына байланысты -30 қызмет. Тегін негізде 18 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Барлық 18 мемлекеттік қызмет электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. 18 бекітілген стандарттар мен регламенттер бар.

3) барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Көрсетілген қызметтердің ең көп саны «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келеді

Халықты әлеуметтік қорғау саласында келесі қызмет түрлерін алуға басым жүгінеді:

- тұрғын үй көмегін тағайындау;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

- жұмыспен қамтуды қолдау шараларына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру;

- жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу .

2.Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу

көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында http://taran.kostanay.gov.kz «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты деректерді өзектендіру жүргізіледі,мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері, байланыс ақпараты, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар үшін нұсқаулық орналастырылады.

Мемлекеттік мекемелерде нормативтік – құқықтық актілермен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық – анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпарат жарияланады «Маяк» аудандық газеті 26.09.2019 ж. №39 «Негізгі мақсат - әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту», 12.09.2019 ж. №37 «Қоғам мен билік диалогы – даму кепілдігі», 29.08.2019 ж. №35 «Әрекеттегі АӘК», 04.04.2019 ж. №14 «Әлеуметтік қолдаудың жаңа нысаны».

  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз

етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Тұрақты негізде құқықтық жалпы оқыту мектебінде проблемалық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оң серпініне

қол жеткізу мақсатында бөлімде өтініш берушілердің өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алуы үшін «электрондық үкімет» порталына қосылған маманды, компьютерді анықтау жолымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Процестерді автоматтандырумен мемлекеттік қызмет көрсету жеңілдетіледі, құжаттарды қабылдау мерзімдері қысқартылады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді арттыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік корпорациямен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету осы процесті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер негізінде жүргізіледі:

- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2019 жылдың басынан бері шағым түскен жоқ .

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі функцияларын күшейту міндеті қойылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Бейімбет Майлин ауданының бөлімімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша және бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тұрақты кеңестер мен семинарлар өткізу.

«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру. «Электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері және ЭЦҚ артықшылықтары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
Дата публикации
27 апреля 2020