«Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп
Новоильиновка ауылы, Школьная көшесі, 35/2 ғимараты мекен-жайы бойынша орналасқан «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Телефон (факс): 8(71436) 2-51-04.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.
Орталық пен жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізілімін құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 4-ө өкімімен бекітілген стандарттарына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында, Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.
«Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 14 қызметтен тұрады.
2021 жылдың ішінде 11 мемлекеттік қызмет көретілді, оның ішінде:
жеке тұлғаларына – 7, заңды тұлғаларына – 1.
жеке тұлғаларына – 3.
Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді орнында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, сондай-ақ, мемлекеттік электрондық қызметтердің «өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» бар, онда азамат ХҚКО-на жүгінбей, Қазақстан Ресубликасының «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орналастырылған: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі, стандарттары, регламенттері, мемлекеттік қызметтерді паспорттары.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі «электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізеді.
Ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:
Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.
Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.
Есепті кезеңі ішінде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына қызметті алушылардан қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс ұйымдастыруға қатысты жергілікті қоғамдастық жиын өткізілді.
Әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективаларына жатады:
- заңдылық, көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуға жедел елеу, ашықтық, тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарда негізделген ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуіне бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыру.
Жалпы алғанда, 2022 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.