"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы

Жоба

«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 2 және 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 163 «Таран ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» қаулысы жойылсын.
  3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2)  осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Бейімбет Майлин ауданының әкімі                       Қ. Мыржақыпов

 

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы

№  қаулысымен бікітілген

 «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және

қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

1-тарау. Жалпы ережесі

  1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау, ауданның коммуналдық мүлкін басқару және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Экономика және қаржы бөлімі ведомстволары жоқ.
  3. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Экономика және қаржы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Экономика және қаржы бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53.
  10. Осы Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  12. Экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді Экономика және қаржы бөлімі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Мақсаттары:
  2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығын тиімді іске асыруға себеп болатын мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту; тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын және ауданның коммуналдық мүлкін тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
  3. Міндеттері:

1) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;;

2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) аудандық мәслихат шешімімен бекітілген, ақшалай қаржы шегіндегі бюджеттік бағдарламалардың кіріс және шығыс бойынша толық және уақытында орындалуына жіберілген іс-шараларды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіпте аудан аймағында орналасқан олардың ведомстволық жағдайы мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелерден, селолық округ әкім аппараттарынан қажетті ақпараттарды алуға;

2)  өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығаруға;

3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша секвестр тағайындалатын бюджеттік бағдарлама (шағын бағдарлама) бойынша төлемдердің төленуін тоқтатуға;

5) істерді айқындау және көмек көрсету үшін жергілікті жердегі басқа да бөлімдердің мамандарын тарту;

6) экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) сот органдарында "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

3) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да  міндеттерін атқаруды жүзеге асыруға.

  1. Функциялары:

1) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасын әзірлейді;

2) Бейімбет Майлин ауданының аумағын даму бағдарламасына мониторинг жүргізеді;

3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету;

4) облыстың әлеуметтік – экономикалық даму болжамын есептегенде жергілікті бюджетке түсімдерді болжамдайды; 

        5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығындарының шектелімін (лимиттерін), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжалдық көрсеткіштері негізінде жаңа бастамалар шектелімін, бюджеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын, жоспарлы кезеңге аудан бюджеті тапшылығының мөлшерін анықтау;

6) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының бюджеттік және өзге де заңнамаларға сәйкестігін қарастыру, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытынды шығару және оларды қарастыру үшін Таран ауданының бюджеттік комиссиясына жіберу; 

7) үш жылдық мерзімге аудан бюджеттінің жобасын құрастыру және тиісті қаржылық жылға бюджетті нақтылау, түзету жасау бойынша ауданның бюджеттік комиссиясының қарастыруына ұсыныс енгізу;

8) бюджеттік мониторингін жүзеге асыру; 

9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың эконогмикалық қорытындыларын, сондай-ақ  жергілікті атқарушы органдар анықтайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптау қорытындысы негізінде, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобаларды әзірлеу;

10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарастыру және олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;

11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жасау;

  12) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында реттейтін қатынас нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

14) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

15) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

         16)   аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

        17) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшартының немесе сенімді басқару шарттарын орындауларына бақылау жасау;

        18) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқасы қарастырылмаса, тиісті саланың өкілетті органдарымен келісім бойынша мемлекеттік мекемеге тіркелген мүлікті алу немесе оны басқа да мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлу;

19) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен келесісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін тапсыратын және қабылдайтын тараптардың өкілетті лауазымды тұлғаларының қолдары қойылған өткізу актін бекіту;

 20) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болады, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

21) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;

22) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

23) конкурстық құжаттамаға  өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

24) конкурстық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;

25) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырады;

         26) конкурстық құжаттаманың ережесін түсіндіреді;

    27) мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалардан тапсырыс берушінің ұсыныстарын және ескертулерін жолданады;

28)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның   басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

  1. Экономика және қаржы бөлімі басшылықты Экономика және қаржы бөлімі мекемеде жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Экономика және қаржы бөлімінің басшысын Бейімбет Майлин аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. Экономика және қаржы бөлімі басшысының өкілеттігі:

1) экономика және қаржы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) орынбасар мен басқа да қызметкерлердің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша қабылдамаған шараларға жеке жауапкершілік атқарады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар салады;

6) Экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Экономика және қаржы бөлімінің құрылымын бекітеді;

8) секторлар туралы ережелерді және экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Экономика және қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. Экономика және қаржы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Экономика және қаржы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Экономика және қаржы бөлімінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
18 марта 2022