«Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.
2019 жылдың ішінде округ бойынша мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 4 қызмет, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 7 қызмет, «электрондық үкіметтің» порталы арқылы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» -4135 қызмет. Азаматтардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Есепті кезеңі ішінде белгіленген мерзімдерін бұзумен мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу әдісі Павлов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» Павлов ауылдық округі әкімінің өкімі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттар қабылдау кестесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттер орналасқан. Жеке кабинетте халыққа арналған өзіне-өзі қызмет ету бұрышы бар. Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ілулі.
Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, паспорттары орналастырылған.
Ауылдық округі әкімінің жанындағы отырыстарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қызмет алушыларға хабарлау жөніндегі мәселелер қаралады.
Тиімділікті бағалау өлшемі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету болып табылады, мамандарына халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының заңнаманы сақтау мәселелерде өз кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттыру ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективаларына жатады:
- қызмет алушылардың сұранымдарына жедел әрекет ету, заңдылық, анықтық, тиімділік пен нәтижелік үдерістерде негізделген Павлов ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыс жүргізу.
Жалпы алғанда, 2019 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.