2019 жылдың 12 айына арналған «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпарат
Жұмыспен қамту
Халықты әлеуметтік осал топтарының қалыпты өмірлік жағдайын қамтамасыз ету үшін бөліммен халықтың өмірлік сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған іс шаралар өткізілді.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5% құрады (жұмыссыз ретінде есепте 76 адам тұр).
Кешенді жоспармен 938 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту жоспарланған. 1124 адам қамтылды (жылдық жоспарға 119,8 %).
Бірінші бағыт : Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету:
Сәуір айында 70 адам (сонын ішінде жастар 38 адам) қысқа мерзімді курсты оқуға (есепші, электр газбен дәнекерлеуші, аспазшы, шаштарз сәнгер, эксковатор жүргізушісі, электромонтер, қырнаушы, азық түлік тауарланы сатушы) жіберілді.
Ұлттық Қордан курсқа қосымша 16 орын берілді, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК-ға 16 адам курсқа жіберілді.
Оқуды 30 адам аяқтап, 29 адам жұмысқа орналасты немесе 96,6 % облыстық көрсеткіштен 93 %, декреттік демалыста1 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесуден бас тартты.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне 9-11 сынып түлектері арасынан техникалық және кәсіби оқыту ұйымына (ТжКБ) 58 адам жіберу жоспарланды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыз халық санынан 185 адам «Бастау бизнес»» курстарына жіберілді, «Жас кәсіпкер» жоспары бойынша 49 адам оқудан өтті.
8 грант (100 АЕК), 24 грант (200 АЕК) беріліп, сонын ішінде 2 көпбалалы отбасыға, 29 жасқа дейінгі жастар 22 адам.
Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы:
Әлеуметтік жұмыс орнындарын құру – жоспар бойынша 18 адам жұмыссыздардың ішінен 22 адам жіберілді (сонын ішінде жастар 5 адам) (жылдық жоспарға 172 %), ӘЖО 16 адам аяқтап , сонын ішіде 16 адам жұмысқа орналасып 100 %, облыстық көрсеткіштің 96,2 % құрады.
Жастар практикасын ұйымдастыру – жоспар бойынша 17 адам, 27 адам жіберілді (жылдық жоспарға 158,8 %), ЖП 14 адам аяқтап, 14 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты 100 % облыстық көрсеткіштен 90,1%.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру – жоспар бойынша 145 адам, 174 адам жіберілді (жылдық жоспарға 136 %) сонын ішінде жастар 27 адам. Басымдық тәртібімен жұмыссыздар, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы сонымен қатар жастар қатысуға тартылады. ҚЖ 174 адам аяқтап , 23 адам тұрақты жұмыс орнына орналасып немесе 13,3 % облыстық көрсеткіштің 38 % құрады.
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына – жоспар бойынша 487адам- 482 жіберілді (жылдық жоспарға 99 %) сонын ішінде 170 адам жастар, Облыстық көрсеткіш 96,3 %.болғанда 98,4% зейнетақы аударымдары бар.
Жобаға жұмысқа орналасқандар:
Ағымдағы жылы жобаларға 26 адам жіберу жоспарланған.
- Новоильиновка ауылында су құбырын және тарату желілеріне 5 адам (жіберілді 5 адам)
- "Агротехнологиялық компания"ЖШС – 1 адам. (жіберілді1 адам)
- "Тарановка - Варваринка – облыс шекарасы" автомобиль жолын күрделі жөндеуге - 12 адам. (жіберілді 7 адам )
- «Горняк" пансионатына кірме жол» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу– 7 адам (жіберілді 7 адам )
- «Пристанға кірме жол» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу -1 адам (жіберілді 1 адам)
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (қоныс аудару).
2019 жылғы жоспар бойынша 5 отбасы, 20 адам.
2020 жылдың 1 қаңтарына орналасу үлестемесіне жоспарға 28 адам немесе 140 % (сонын ішінде жастар 6 адам)
- Тобыл кентіне 27 адам көшіп келді.
- Новоильинов ауылдық округі, Новоильинов ауылына 1 адам көшіп келді.
Оралмандарды қабылдау үлесі бойынша қосымшаға 3 отбасы 17 адам қосылды (сонын ішінде жастар 4 адам).
Барлық отбасыларға көшіп келуге көмекқаржы 35 АЕК (әр отбасы мүшесіне 88 375 тнг.) төленді. Сонымен қатар баспананы сатып алған немесе жалға алуда ұсынған құжаттарды ұсынған жағдайда баспананы сатып алуға немесе жалға алуға шығынның орны толтырылды.