Бекітілді Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 шілдедегі № 163 қаулысымен
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тарапынан мемлекет болып табылады.
мемлекеттік тілде «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
орыс тілінде государственное учреждение «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата района Беимбета Майлина».
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленеді.».
Егер «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер уәкілетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқығы және міндеттері.
1) аудан аумағында сәулет,қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) өз құзыретінің шегінде аудан аумағында сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді іске асыру;
3)мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру;
4) мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау заңнамасына мониторинг жүргізу, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту;
5) елді мекендер мен аумақта әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруды қамтамасыз ету;
6) құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуларды іске асыру, әлеуметтік саладағы өндірістік, тұрғын-үй бағытындағы обьектілер құрылысы және реконструкциялауды іске асыру;
7)Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
1) салынып жатқан (құрылысқа болжанған) обьектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу;
2) базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыстарды іске асыру;
3) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін, мемлекеттік қызметтер бөлігінде, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер Тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
4) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
5) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілерін орналастыруға рұқсатнама беру;
6) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
7) құрылыс обьектілеріне жер учаскелерін таңдау;
8) нобай (жұмыс) жобасына келісу;
9) ауданда құрылысты дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзетуді жүргізу және іске асыруға жәрдемдесу;
10) құрылыс барысына және обьектілерді реконструкциялауға бақылауды іске асыру;
11) құрылыс саласында бәсекелік нарықты дамытуға жәрдемдесу;
12) ауданда құрылыс және обьектілерді реконструкциялау тендерлерін өткізуге қатысу;
13) нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаға сәйкес құрылыс және обьектілерді реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды іске асыру;
14) нысаналы тағайындалуына сәйкес бюджеттік қаражатты және материалдық құндылықтарды тиімді шығындауды қамтамасыз ету;
15) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді енгізуге өтінім және анықтама дайындау;
16) жасалған азаматтық-құқықтық келісім бойынша ақшалай қаражатты өз уақытында аударуды бақылау;
17) бөлімнің құзыретіне кіретін өңірлік бағдарламаларды, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
18) жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттарды, анықтамаларды, есептерді дайындау;
19) ауданда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылыс обьектілерін дамытуды болжау;
20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс және «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 1-ОЛ нысанындағы есеп;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру;
22) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген, өкілеттік шегінде сәулет,қала құрылысы және құрылыс саласында басқа да мәселелерді шешу;
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен құжаттарға есеп жүргізу және бақылау, оларды орындау барысы туралы ақпараттар дайындау;
2) сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы барлық субьектілерден «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және өзге де материалдарды сұрау;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету регламентіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың арыздары мен ұсыныстарын қарастыру;
6) бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттарды аудан аумағында орналасқан мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан олардың ведомтсвалық және меншік нысанына қарамастан, ауылдық округ әкімі аппаратынан сұрау және алу;
7)өз құзыретінің шегінде құқықтық актілерді беру;
8) әкім, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихатқа өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
9) Ауданының құрылыс, обьектілерді реконструкциялау бойынша жұмыстар өндірісіне келісімшарт жасау;
10) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мекеме, кәсіпорын және ұйым қызметіне талдау жүргізу, жұмыстардарды жақсарту туралы қажетті ұсыныстарды беру;
11) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келісу бойынша жиналыс өткізу;
12) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сөйлесулер жүрізу және келісімшарттарға, өзге де заңды актілерге қол қою;
13) конкурстық комиссияға қатысуға,тексеріс, сараптама жүргізу үшін ауданның кәсіпрын, ұйым, қоғамдық бірлестіктері, олардың басшыларымен келісу бойынша мамандарды тарту;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді іске асыру.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі , жұмыс уақытының ұзақтығы және еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
1) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функцияларын атқаруға дербес жауапкершілік танытады, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін жеке жауаптылықта болады.
2) белгіленген заңнама тәртібімен қызметкерлерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметінен босатады
3) қызметкрелердің өкілеттігін және міндеттерін анықтайды;
4) лауазымдық нұсқаулықты бекітеді;
5) қызметкерлер орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және жарлықтар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
8) азаматтар ме заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізуді, белгіленген заңнама мерзімінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларға қажетті шараларды қабылдайды;
10) өз құзыретінің шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
11) Өз құзыретіне кіретін, және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның уәкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
4.Мемлекеттік органның мүлігі
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.