Бейімбет Майлин ауданы «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп

Бейімбет Майлин ауданы «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп  

Новоильиновка ауылы, Школьная көшесі, 35/2 ғимараты мекен-жайы бойынша орналасқан «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Телефон (факс): 8(71436) 2-51-04.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

Орталық пен жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сыныпталған тізбесі көрсетілетін қызметтер Тізілімін құрайды.

2019 жылдың жағдайы бойынша Тізілімінде ауылдық округтері әкімінің аппараттары көрсететін 20 қызмет бар:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»;

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі        (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»; 

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;

          «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою».

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында азаматтар үшін қолжетімді орнында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, өзіне-өзі қызмет ету бұрышы бар, онда көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкімет порталы арқылы қызмет ала алады. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орналастырылған: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі, стандарттары, регламенттері, паспорттары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген жеке мен заңды тұлғаларына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Тізіліміне, ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 26-ө өкіміне сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жауаптылар тағайындалды:

Наталья Евгеньевна Вольф - Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы келесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты болып тағайындалсын:

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

2) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

3) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

4) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату»;

5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Айслу Амантаевна Кужахметова - Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы келесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты болып тағайындалсын:

1) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

2) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;   

3) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

4) «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

5) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

6) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;

          7) «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;

8) «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

9) «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».

         Любовь Владимировна Уралёва - Новоильинов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы келесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты болып тағайындалсын:

         1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

2) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

3) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

5) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

6) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау».

 

2019 жылдың ішінде 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 13 қызмет.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мынаны атап өту қажет, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру нәтижесі мемлекеттік қызмет алуына көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы қолжетімділік болып табылады. 

2) Әкім аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету саладағы қызметкерлердің біліктілікті арттыруына бағытталған шаралар өткізеді: ауылдық округі әкімінің жанында отырыстарды өткізу, Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты өткізетін семинарларына, отырыстарына қатысу.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

         Көрсетілетін қызметті алушылар арасында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу қажеттілік деңгейін анықтау бойынша сауал-сұрақ жүргізіледі.

Бұл азаматтар мен ұйымдары мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың қызметтің нәтижелерін алудың жылдамдық пен қолайлылықтың жаңа сапалы деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.

 

 

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

Тиімділікті бағалау өлшемдерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату болып табылады.

Есепті кезеңі ішінде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ.

Азаматтардан қызметтер көрсету бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

2019 жылдың ақпан мен қазан айлары ішінде ауылдық округі әкімінің жанындағы отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:

1. Ауылдық округінің тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау туралы.

2. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі шаралар.

3. «Электрондық және мобильдік үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері мен артықшылықтар туралы.

Осы отырыстардың шешімі:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген жеке мен заңды тұлғаларына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Тізілімін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы «28» қарашадағы № 06-7/172 және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы «30» қарашадағы № 964 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету caпасын бағалау әдістемені орындау үшін, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандар:

- аудан әкімінің Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, рәсімдері мен мерзімдер туралы жаңартылған ақпаратты тұрақты түрде орналастырсын;

- мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы түрде көрсету жөніндегі жан-жақты шаралар қолдансын:

- тіркеу журналдарда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды толық және уақытылы тіркеуді қамтамасыз етсін;

- мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттарды ресімдеу кезде тәртіп сақтасын;

- мемлекеттік қызметтер бойынша есеп беруді құрастыру кезде сапасы мен уақытылылық сақтасын;

- халықпен, заңды тұлғаларымен альтернативтік қызметтердің мүмкіндіктері мен артықшылықтар туралы және «Электрондық және мобильдік үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау және көпшілікке тарату бойынша тиімді жұмыс жүргізсін; 

- ішкі бақылау жүйені күшейтсін;

- қызметтер көрсету орындарда, мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттердің қолжетімділік қамтамасыз етсін.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылату перспективалары

 

Жалпы алғанда, 2020 жылдың ішінде жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейін жоғарылатуына бағытталған. Алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі нақты шаралар, өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою бойынша мақсатты жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уақытылы және сапа өлшемдері бойынша көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Бейімбет Майлин ауданы «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс туралы есеп
Дата публикации
21 апреля 2020