2019 жыл ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп беру

2019 жыл ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп беру

1. Жалпы ережелер

Бейімбет Майлин ауданының «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі, Бейімбет Майлин ауданы Қайыңдыкөл ауылы, Белинская көшесі, 2.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, оларды ұсынуды қамтамасыз ететін Мемлекеттік органдары, басқа да мемлекеттік органдарды және мемлекеттік кәсіпорындарды көрсете отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесінен тұрады.

«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің тізілімі 20 қызметтен тұрады. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметтер, ал 12 қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін қабылдау және беру жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі жауаптыны тағайындау туралы» Белинский ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 09 ақпандағы № 5 өкімімен бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну мақсатында, Белинский ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, олардың функционалдық міндеттеріне және қызмет саласына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуді орындау үшін жауапты болып тағайындалды.

Белинский ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Бимагамбетова Елена Григорьевна мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты болып тағайындалған.

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 10;

       мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны:

тегін негізде - 13

ақылы негізде - 7;

       қағаз және (немесе) электрондық формада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 8;

       мемлекеттік қызметтердің  бектілген стандарттары  мен  регламенттері саны - 20;

       «электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 8.

        2019 жылы 11 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, соның ішінде:  

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 11 қызмет.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу әдісі ауыл әкімінің ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ауыл әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, «Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы» ауыл әкімінің өкімі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құжаттар қабылдау кестесі, стандарты, мемлекеттік қызметтер регламенттері орналсқан. Барлық көрнекіақпарат қазақ және орыс тілдерінде ілулі.

            Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлім бар, онда мемлекеттік қызметтер стандарттары, регламенттері, паспорттары орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін жетілдіру бойынша жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің нәтижесі автоматтандыру және оңтайландыру жалпы қол жетімділік көрсетілетін қызметті алушының "электронды үкімет" веб-портал алу арқылы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер алуы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.

Ауыл әкімінің қатысуымен өткізілген кеңесте мына мәселелер қарастырылды:

Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық Үкімет порталы арқылы  алу.

Осының бәрі азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпараттар алудың жеделділігі мен ыңғайлылықтың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Тиімділікті бағалаудің өлшемі мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді  көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзушылық осы есепті кезеңде болмады.

            Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдары ауылдық округінің әкімі аппаратына түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты, барлығы 60 адам қатысқан жергілікті қоғамдастықтың 4 жиыны өткізілді, сондай-ақ, тұрақты негізде ҚР Заңдарына өзгерістер енгізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімділендіру және арттыру болашағы

 

            Әкім аппаратында  қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімділендіру және арттыру болашағына мыналар жатады:

қызмет алушылардың сұранымдарына  анықтықты, тиімділікті және нәтижелікті заңдылық үдерістеріне негізделген ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг, ішкі бақылау, халық арасында мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған  түсіндіру жұмысын өткізу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру.

  Жалпы алғанда 2020 жылы жұмыс мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағттануын арттыруға бағытталатын болады. Өзекті мәселелерді шешу және кемшіліктерді жою жұмысына бағытталған, алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша, нақты шаралар мемлекеттік қызметтер саласындағы уақытында және сапа өлшемдері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға жол береді.

 

2019 жыл ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есеп беру
Дата публикации
21 апреля 2020