Жоба
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 2 және 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «___»_________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесі
1.Жалпы ережелері
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, қарттар, мүгедектер, сонымен қатар үйде күндізгі қараудағы мүгедек-балалар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.
1) құқықтар
1) өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті;
2) мемлекеттік мекеменің сұрау салуы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпкерлік субъектілерінен өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттық материалдар алуға құқылы;
2) міндеттері
1) заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденуге, сотта талапкер және жауапкер болуға;
2) мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15.Қызметтері:
1) халықты жұмыспен қамту саласында:
жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, ауданның еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді;
мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
жұмыс берушілерден мамандардың қажеттілігін болжау туралы ақпараттарды сұрайды;
жұмыс орындарын қысқарту және босату тәуекелдерімен ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;
халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарастыратын, орындаушы билік мүшелерінің өкілдерінен, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарынан құралатын кеңес беру комиссиясы мен жұмыс топтарының қызметіне қатысады;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
кедейлікті төмендету бойынша іс-шаралар мен халыққа атаулы
әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асырады;
әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың контингентін айқындау;
аз қамтылған азаматтарды және әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасыларды есепке алу;
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және жергілікті бюджеттен басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу;
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша атаулы әлеуметтік көмек , біржолғы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау үшін ұсынылған табыстарды талдау;
үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен қағидаларына сәйкес қызмет көрсету;
қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
әрекет ететін заңнамалармен бекітілген басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың жеке бағдарламасымен әзірленген құралдарды, тапсырысты қалыптастыруға көмек көрсету;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдарымен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуде оларға жәрдем көрсету, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы оңалту орталықтарына, шипажайларға жіберу;
мүгедектер бойынша есептер мен мониторингті, ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру департаментіне жинау және ұсыну;
әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектер, мүгедек-балалар және
оңалту шараларын орындау бойынша ауылдық округтерінің әкімдерімен қарым-қатынаста болу;
әлеуметтік инфрақұрылымды объектілерін бейімдеу мониторингі;
қарттарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға көрсетілетін қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы қорытындыны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдау;
жалғыз тұратын және бөгде адамның күтіміне мұқтаж жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету;
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға үйде
тәрбиелеу, бала күтімі бойынша мәселелерді шешуге көмек көрсету;
мүгедектерді әлеуметтік қорғау, кемтар балаларды медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру органдарымен өзара қарым-қатынаста болу;
жалғыз тұратын қарт азаматтарды, мүгедектер, қарт кісілерге арналған жалпы түрдегі интернат-үйлеріне, психоневрологиялық интернаттарға және ми дамуы қалып қойған балаларға арналған интернат-үйлерге орналасуға көмек көрсету;
өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және ақталған адамға куәлік беру;
Халықтың көші-қоны саласында, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша «Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету.
Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша халық арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізу;
Халықты, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әкімдік және мәслихатқа ұсыныстар енгізу;
Жергілікті атқарушы органдарының қарауына ұсыныстар дайындау және енгізу;
Халықтың қажет ететін бөлек санаттағы азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар жасау;
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру;
азаматтардың ұсыныстарын, арыздарын, шағымдарын қарау және қажетті шаралар қабылдау;
жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы қаражатының қажеттілігін, тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және жергілікті бюджеттен басқа да әлеуметтік төлемдерді болжау;
жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы қаражатының қажеттілігін, тұрғын үй көмегін, мүгедектер қатарындағы балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және жергілікті бюджеттен басқа да әлеуметтік төлемдерді болжау;
жоғары тұрған мемлекеттік органдарға мемлекеттік есептілікті, ақпаратты, мониторингтерді ұсыну;
әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18 Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19 бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
2) бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
3) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
4) бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады; 8) бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының
орындалуын бақылайды;
9) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады, өзіне бекітілген, өзінің балансындағы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.