Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы аймақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп 2021 жыл үшін
Аналитикалық жазба
1) Бейімбет Майлин ауданының аймақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарда алда қойған мақсатқа қол жеткізу үшін 3 бағыт бойынша міндеттер орындау қарастырылған:
Бағыт 1. Өңір экономикасының өсуі.
Бағыт 2. Аймақ жайлы және қауіпсіз.
Бағыт 3. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның әр бағыты бойынша ауданды дамыту мақсатына қол жеткізудің талдауы жүргізілді, бағдарламаны жүзеге асыру нысаналы индикаторларға және 2021 жылдың қорытынды қол жеткізу арқылы қамтамасыз етілді.
Бейімбет Майлин ауданы аймақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасында 2021 жылы 9 мақсат, 13 нысаналы индикаттор және 29 іс шара қарастырылған.
2) 2021 жылы 13 нысаналы индикатордан 10 индикаторға қол жеткізілді, ішінде мына бағыттар бойынша:
- 1- бағыт бойынша 4 нысаналы индикаторлар қарастырылған, есепті кезеңде 2 мақсатты көрсеткішке қол жеткізілді;
- 2 бағыт бойынша 6 нысаналы индикатор көзделген, 5 нысаналы индикатор бойынша есепті кезеңде нәтижелерге қол жеткізілді,
- 3 бағыт бойынша 3 нысаналы индикатор, 3 нысаналы индикаторларға есепті кезеңде нәтижелерге қол жеткізілді.
3 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді, оның ішінде бағыттар бойынша:
Бағыт 1. Өңір экономикасының өсуі:
2 бағыт. Аймақ жайлы және қауіпсіз:
3) Бейімбет Майлин ауданының аумағын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 2021 жылы 29 іс-шара көзделген, оның ішінде 20 іс-шара орындалды, оның ішінде:
1 бағыт. Аймақ экономикасының өсуі.
10 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 7-і орындалды, 3-і орындалмады, оның ішінде :
- Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар базасында 14 ілгері және цифрлық ферма құру (ілгері және цифрлық ферма мәртебесін алу үшін қымбат тұратын жабдық қажет, осыған байланысты оларды құру жөніндегі іс-шаралар 2022 жылға ауыстырылды);
- Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен өндірістік сектордағы ІҚМ үлесін арттыру (Сабыға бағдарламасы бойынша 104 ІҚМ басы сатып алынды, бірақ малды тасымалдау кезіндегі проблемаларға байланысты оны тіркеу 2022 жылдың басында жүргізілді);
- Инвестициялық жобаларды іске асыру (есепті кезеңде ЖШС өз кәсіпорындарын дамытуға жоспарланған инвестицияларды жүзеге асырған жоқ);
2 бағыт. Аймақ жайлы және қауіпсіз:
14 іс – шара қарастырылған, оның ішінде 12 – орындалды, 2-орындалмаған, оның ішінде:
- Үйді жөндеу (есепті кезеңде жобаларға ЖСҚ және үйді жөндеуді жүзеге асыруға өтінімдердің болмауына байланысты үйді жөндеу жүзеге асырылмады);
-Аудандық маңызы бар Тобыл - Приозерное, Тобыл-Новоильиновка-Павловка-Апановка жолдарын орташа жөндеу (есепті кезеңде жол учаскесін жоспарланған жөндеуді жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты бөлінбеді).
3 бағыт. Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету:
5 іс – шара қарастырылған, оның ішінде 2 – орындалды, 3-орындалмаған, оның ішінде:
- "Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында төмен қысымды газ құбырын салу" ЖСҚ әзірлеу (есептік кезеңде мемлекеттік сатып алулар өткізілді және жобаның ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар орындалды, бірақ мемлекеттік сатып алудың ұзақ рәсімдеріне байланысты жобаға сараптама жүргізу, Шартқа сәйкес жоба сараптамасын дайындау мерзімі-2022 жыл);
- "Бейімбет Майлин ауданының Бероговое ауылында газ тарату желілерінің құрылысы" ЖСҚ әзірлеу (есепті кезеңде Бейімбет Майлин ауданының Бероговое ауылында газ тарату желілеріне қосуға техникалық шарттардың берілуіне байланысты 2021 жылдың соңында жобаның ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталған жоқ, бюджет қаражаты 2022 жылға ауыстырылды);
Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (есепті кезеңде облыстың бюджетін нақтылау кезінде жобаға бюджет қаражаты бөлінген жоқ).
Есепті кезеңде бағыттар бойынша ақшалай қаражат жоспарланған және жұмсалған:
- "Өңір экономикасының өсуі" - жалпы сомасы 30438 млн. теңгеге 10 іс-шараны іске асыру көзделген, 54696 млн. теңге қаражат игерілді, меншікті қаражат сомасын ұлғайту есебінен жоспардан артық игерілді;
- " Аймақ жайлы және қауіпсіз " - жалпы сомасы 562,902 млн. теңгеге 14 іс-шара, 492,654 млн. теңге қаражат игерілді, облыстық бюджетінен бір жобаны іске асыруға қаржыландырудың болмауына байланысты толық көлемде игерілмеген;
- " Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету " - 26,11 млн. теңге сомасына 5 іс-шара игерілді, барлығы 2,0 млн. теңге игерілді, жобалар бойынша жұмыстар 2022 жылға ауыстырылды.
4) Бағдарламаның іс – шараларын орындауға 2021 жылы 31 млрд 27 млн 14 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет есебінен - 196 млн 143 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен – 158 млн 71 мың теңге, демеушілік қаражат есебінен – 5 млн теңге, меншікті қаражат есебінен-30 млрд 438 млн теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен-229 млн 800 мың теңге көзделген.
2021 жылы белгіленген іс-шараларды орындауға 55 млрд 190 млн 651 мың теңге игерілді, бұл сома тартылған меншікті қаражат сомасын ұлғайту есебінен жоспарлы мәндерден жоғары, оның ішінде:
– облыстық бюджет есебінен-100 млн 971 мың теңге, бұл игерілген қаражаттың жалпы көлемінің 0,183% - ын құрады;
– жергілікті бюджет есебінен-158 млн 683 мың теңге, бұл игерілген қаражаттың жалпы көлемінің 0,288% - ын құрады;
- демеушілік қаражат есебінен 5 млн 200 мың теңге, бұл игерілген қаражаттың жалпы көлемінің 0,01% - ын құрады;
- өз қаражаты есебінен 54 млрд 695 млн 998 мың теңге, бұл игерілген қаражаттың жалпы көлемінің 99,104% - ын құрайды;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 229 млн 799 мың теңге, бұл игерілген қаражаттың жалпы көлемінің 0,415% - ын құрайды.
5) Бағдарламаны іске асыру барысына және көрсеткіштерге қол жеткізуге сыртқы әсер етудің мынадай факторлары әсер етті: Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи жағдайлар, экологиялық жағдай, коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты шектеу шараларын енгізу.
6) 2021 жылы тексерулер жүргізілді:
- Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясымен Бейімбет Майлин ауданы бюджетінің қаражатын, оның ішінде аумақты дамыту Бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі бойынша ауданның 6 ұйымында мемлекеттік аудит жүргізілді.
- Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бір мемлекеттік мекемеде бюджеттік кредиттерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.
- "Қостанай облысы әкімінің аппараты" ММ Ішкі аудит қызметімен ауданның 2 ауылдық округінде бюджет қаражатын, мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.
- Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді.
7) жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мынадай іс-шараларды іске асыру әсер еткен:
- Инвестициялық жобаларды іске асыру;
- Аудан кәсіпорындарының тау-кен өндіру өнеркәсібін шығару көлемін ұлғайту;
- Өнімділігі жоғары майлы құрылымдарды ұлғайта отырып, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру;
- Жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу;
- Машина-трактор паркін жаңарту қарқынын арттыру;
- Минералды тыңайтқыштарды қолдануды арттыру;
- Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен АӨК цифрландыру бойынша іске асырылған жобаларды масштабтау;
- "3 қабатты 18 пәтерлі үй құрылысы" жобасын әзірлеу;
- "Майское ауылындағы су құбыры және тарату желілерін қайта жаңарту" ЖСҚ әзірлеу;
- "Красносельское ауылында су құбырының құрылысы" жобасын іске асыру;
- Ауданның елді мекендерінде су пункттерін орнату;
- "Юбилейное-Береговое" аудандық маңызы бар автожолын орташа жөндеу;
- Аудан ауылдарының көшелерін орташа жөндеу;
- Ауданның ауылдарында қоқысты одан әрі өңдеу үшін бөлек жинауды енгізу;
- Аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу және авариялар туындаған кезде ережелерді оқыту;
- Жаңа өндірістер құру, жаңа кәсіпорындар ашу барысында жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;
- Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық орындарға жұмысқа орналастыру, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау.
8) жалпы Бейімбет Майлин ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын орындау бойынша барлық белгіленген іс-шаралар орындалды. Осыған қарамастан, бәсекелес ортаны дамытуды қамтамасыз ету және бизнесті инновациялық процеске тарту, индустрияландыру картасына енгізілген барлық белгіленген инвестициялық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың міндеті болып қала береді.
9) Бейімбет Майлин ауданы аймақтарын дамыту Бағдарламасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытын анықтайтын басты құжат болып табылады. Оның негізгі мақсаттары ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті тұрақты сату нарығы бар индустриялдық және агроөнеркәсіптік кешен құру болып табылады. Тұрғындардың әл-ақатының жоғары деңгейін, денсаулық саласында, әлеуметтік қамсаздыруда, білім беруде, мәдениетте, спортта, көліктік инфрақұрылы мен жайлы баспана қамтамасыз ететін серпінді дамыған, үйлестірілген және бәсекеге қабілетті экономика құру негізгі міндет болып табылады.
Әкімнің орынбасары
Бейімбет Майлин ауданы М. Әлмағамбетов
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы
бөлімі» ММ басшысы В. Ересько