Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша хабарламасы
Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 ақпандағы шешімімен Новоильинов ауылдық округі бойынша әкімдікке кандидаттар болып тіркелді:
- Азамат Аманжолұлы Қалақпасов, 1983 жылы туған, "Тобыл" МКК бас инженері, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- Мақаш Елікұлы Таймасов, 1988 жылы туған, Новоильинов ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кентінде тұрады, "Nur Otan "партиясы"қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалы ұсынған.
- Марс Айдарханұлы Шұңғұрбаев, 1984 жылы туған, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Комиссия төрайымы О.Г. Ли