Азаматтық бюджет Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округі 2022-2024 жылдарға арналған
Сіздердің назарларыңызға Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылды, онда оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Округ бюджеті Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы "Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінің ,ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 79 шешімімен бекітілген.
1. Калинин ауылдық округінің кірістері Бейімбет Майлин ауданының 2022 - 2024 жылдарға арналған
тыс. Теңге
|
Атауы |
2022 жылы |
2023 жылы |
2024 жылы |
|
Түсімдер-барлығы |
39 969,0 |
41 121,0 |
41 608,0 |
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Салықтық түсімдер |
8 156,0 |
8 494,0 |
8 846,0 |
|
салықтық емес түсімдер
|
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімдері
|
31 813,0 |
32 627,0 |
32 762,0 |
2022-2024 жылдарға арналған Калинин ауылдық округінің бюджеті кірістерінің болжамды көлемі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске сәйкес есептелген.
Кірістер болжамын қалыптастыру кезінде 2021 жылға нақты салық түсімдері және 2022 жылға күтілетін түсімдер ескерілді.
2022 жылға арналған Калинин ауылдық округі бюджеті кірістерінің болжамы 39 969,0,0 мың теңге сомасында анықталды, оның ішінде меншікті көздер есебінен түсімдер 8 156,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер 8 156,0 мың теңгені құрайды. Салық түсімдерінің негізгі үлесі жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салыққа және төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына тиесілі;
салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған;
аудан бюджетінен трансферттер түсімі субвенция түрінде 31 813,0 мың теңге сомасында көзделген.