Жоба
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті, ауылдық округтер
бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртіпкесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына сәйкес, Бейімбет Майлин әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап осы актінің электрондық нұсқасы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы өңірлік мемлекеттік кәсіпорнына қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберілсін.
2) осы қаулыны қол қойылған күннен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Бейімбет Майлин ауданының
әкімі Қ. Мыржақыпов