Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты хабарлайды:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-НҚ өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Пошталық мекенжай: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көш.60, № 52 каб., жұмыс телефондары: 8(71436) 3-64-24, 4-90-31, 3-72-29.
Электрондық поштаның мекенжайы: tar-maslihat@mail.ru
Жұмыс тәртібі: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 17 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жолдайды:
1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына *сәйкес форма бойынша Жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:
Отырыс Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көш.60, № 52 каб., өткізіледі, жұмыс телефондары: 8(71436) 3-64-24, 4-90-31, 3-72-29.
Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.
|
* Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге 1-қосымша Форма Кімге: Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ______________________________ ___________ тұратын. (елдімекен, көше, үй, пәтер) |
Өтініш
___________ тұратын.
(елдімекен, көше, үй, пәтер)
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
______________________________________________
Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін. Прилагаю следующие документы:
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
4) _________________________________________________________________
5) _________________________________________________________________
6) _________________________________________________________________
7) _________________________________________________________________
"____" ____________20___ жыл. Өтініш берушінің қолы _______________