Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесі мен ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығының бірлескен №5 хаттамасы
Әйет а. 24 қараша 2021 жыл
Бейімбет Майлин сағат 11:00
ауданы әкімдігінің
кіші мәжіліс залы
Төрағалық етуші: Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің
төрайымы – Н.Д. Руднева
«Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің» хатшысы –
А.А. Шакиржанова
Қатысқандар: Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері - 7 адам;
Шақырылғандар: ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығының өкілдері– 4 адам.
Күн тәртібі:
Ауданның Тобыл ауылы мен ауылдық округтеріндегі жергілікті қоғамдастық жиналысының жұмысы.
Бірауыздан қабылданады.
ТЫҢДАЛДЫ:
Н.Д. Руднева қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған қызметі және жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілеттіктері туралы хабардар етті.
Набережный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі Л.В. Лобачева Набережный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығы жұмысының жүргізіліп жатқанын хабарлады. Таза су түрлендіргішінде, жарықтандыруда проблемалар бар, мәселе шешілуде.
Новоильинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі А.М. Утегенов Новоильинов ауылдық округінде Совхозная, Механизаторов, Набережная көшелерін жарықтандыруда, жолдар мен газдандыруда, аялдамаларда проблемалар бар екенін хабарлады.
Майский ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі Д.П. Овчиникова қаңғыбас малға қатысты сұрақтар туындап жатқанын, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Көшелерді жарықтандыру тұрақты жүргізілуде.
Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі Р.Р. Шунгурбаева Красносельское ауылында суда үзілістер барын, Победы көшесін жарықтандыру аяқталмағанын хабарлады.
ШЕШІМ:
Ұсыныстар:
- 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралар бойынша жергілікті қоғамдастық пен халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
- 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру бойынша жоспарланған іс-шараларды жергілікті қоғамдастық пен халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
Қоғамдық кеңестің шешімі бірауыздан қабылданды.
Төрайым Н. Руднева
Хатшы А. Шакиржанова