«АУКЦИОН»
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 лот санында 5 жыл мерзімге жер учаскесіне жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді.
Аукцион Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60 (Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің № 2 кіші залы) мекенжайы бойынша 2021 жылдың 8 қарашасында сағат 15:00-де өтеді.
Аукционды өткізу әдісі - ағылшынша, бағаны ұлғайту қадамы - жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 10%.
Бұл жер учаскелеріне ауыртпалықтар – жоқ.
Кепілдік жарна депозиттік шотқа енгізіледі:
ЖСК KZ740705034630520006, БСК KKMFKZ2A, БСН: 060140005847 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті РММ, алушы «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ.
Жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының базалық мөлшерлемелеріне қолданылатын түзетуді ескере отырып есептелетін жер салығының 100% мөлшерінде белгіленеді.
Жер учаскесіне жалдау құқығын сату шарттары: Нысаналы мақсатына сәйкес міндетті түрде пайдалану, санитарлық, өртке қарсы, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік қағидаларын, сауда туралы заңнаманы, заңнамада белгіленген басқа да нормалар мен қағидаларды сақтау.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда - саттыққа қатысуға өтінімдер Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60, № 21 кабинет мекенжайы бойынша ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап және 2021 жылдың 5 қарашасы сағат 18-00-ге дейін қабылданады.
Аукционға қатысушының билетін аукцион нөміріне айырбастау 2021 жылдың 8 қарашасында сағат 12-00-ден 15-00-ге дейін (үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін) Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60, № 21 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Аукционға қатысуға өтінім беру бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады
Аукционның қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсыну қажет:
1) аукционға қатысуға өтінім;
2) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.
Ұйымдастырушы: «Бейімбет ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 8(714)36-3-70-55, 8(714)36-3-64-51
Аукционға келесі жер учаскелері шығарылады
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің алаңы (гектар) |
Сату объектісі (құқық түрі) |
Жер учаскесіне ауыртпалық салу |
Бастапқы бағасы (теңге |
Кепілдік сомасы жарна (теңге) |
Бір жылға жалдау ақысы (теңге
|
|
1 |
Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл к. (оңтүстік бөлігі) |
АБК және темір жол құрылысы үшін |
0,6905 |
5 жыл мерзімге жалға алу құқығы |
жоқ |
2 342 521 |
145 850 |
76,8 |
|
2 |
Бейімбет Майлин ауданы, Набережный ауылы, Южная көшесі, 59 учаске |
жол бойындағы кафе салу үшін |
0,9000 |
5 жыл мерзімге жалға алу құқығы |
жоқ |
1 831 950 |
145 850 |
4320 |