«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша 2021 жылғы үшінші тоқсанда АХАЖ бөлімімен мемлекеттік қызметтерді беру туралы ақпарат
Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты АХАЖ жұмыстарын тұтасымен Қазақстан Республикасының заңнамасын қамтамасыз ету және қадағалау бойынша жұмыстарды жүргізеді. АХАЖ негізгі қызметі аудан аумағында азматтық хал актілерін өз уақытында толық және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету болып табылады.
2021 жылғы үшінші тоқсанда «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ АХАЖ бөлімінде барлығы - 176 азаматтық хал актілері тіркелді, оның ішінде- 76 ХҚКО арқылы қабылданды, қайтыс болу жағдайы тіркелді-97, бала туу тіркелді – 49, некелесу тіркелді – 25, некені бұзу – 3, Т.А.Ә. ауыстыру – 2.
Некені бұзу, әкелікті анықтау, Т.А.Ә. ауыстырғаннан кейін актілік жазбалардың түзету мен толықтыруларына келістіруші өзгерістер өз уақытында енгізілді, азаматтық хал актілері жазбаларының екінші данасына түзету енгізу үшін, ай сайын хабарлама жолданады. Күн сайын тұрақты негізде қабылдау кезінде некелесу-отбасылық заңнаманы түсіндіру бойынша сұхбаттар мен кеңестер жүргізіледі. Өтіп кеткен мерзімде ХҚКО инспекторымен 5 лекция өткізілді. ЗТМО , АОА, АІІБ тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі, ай сайын белгіленген мерзімде қайтыс болғандардың тізімі беріледі.
Аудан әкімі аппаратының
басшысы А. Балан