«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтама

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау үшін.

Талданатын кезең: 2021 жылғы 01 қаңтардан 2021 жылғы 31 тамызға дейін.

Әкімдіктің ұйымдастыру-басқару қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

1) персоналды басқару;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

8) қызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

 

  1. Персоналды басқару

       «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ штат саны 10 бірлікті құрайды. 2021 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша әкім аппаратында 6 адам жұмыс істейді, бос жұмыс орындары - 4.

       Көрсетілген кезеңде өз еркімен жұмыстан шығарылды-0. Барлығы мемлекеттік қызметшілер қабылданды - 1.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларымен таныстырылды, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті.

 

  1. «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мүдделер қақтығысын реттеу немесе реттемеу фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде сауда – саттықты

өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 34; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-4; елді мекен шегінде объект салу үшін учаске беру-4.

 

4,5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

        Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі.

       2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 31 тамыз аралығында азаматтардың 25 өтініші қанағаттандырылып, қаралды, 9 - ы түсіндірілді, 6 - құзыреті бойынша жолданды, 0 - і тоқтатылды, 0 – і орындалды. Барлық түскен өтініштерге мерзімдерді бұзбай жазбаша жауаптар берілді.

 

  1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

       «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 тамыз аралығында «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жалпы сомасы 240 499 347 теңгеге 99 мемлекеттік сатып алу өткізілді: 1) Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу сомасы (үш) 6 187634 теңгеге, бұзушылықсыз; 2) бұзушылықсыз 182 988 571 теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс тәсілімен (тоғыз сатып алу); 3)бұзушылықсыз 46 832 180 теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу бойынша Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен (жетпіс тоғыз сатып алу); 4) өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен (сегіз сатып алу) бұзушылықсыз 4 490962 теңге сомасына.

  1. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау

      «Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесімен байланысты шектеулер, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайлары анықталған жоқ. Көрсетілген кезеңде сыбайлас жемқорлық фактілері жоқ, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тартылған қызметкерлер жоқ.

 

 

Бас маманның м. а.______________________ В.Н. Искакова

«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Дата публикации
09 сентября 2021