«Белин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылдың 8 айына нормативтік құқықтық актілерді ішкі талдау бойынша аналитикалық ақпарат.
«Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – аппарат) өз қызметін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже негізінде жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілер бойынша ішкі талдау жүргізілді. «Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» әкімнің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бір акт талданды. Нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Құқықтық актілер мен нормаларды талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер анықталған жоқ.
Аппараттың рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік қызметтердің 14 түрін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық факторын жою бойынша ұсынымдар: мүмкіндігінше мемлекеттік органның құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және тәртіппен толық электрондық форматқа көшу.
2021 жылдың 8 айында «Учаскенің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бір мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Алайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер бойынша істер қалыптастырылған, істердегі құжаттар тізбесі стандарт талаптарына сәйкес келеді және регламентке сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.
Аппараттың штат саны 3 адамды құрайды. Іс жүзінде 2021 жылғы 1 қыркүйек жағдай бойынша аппаратта 2 адам жұмыс істейді, 1 бос орын бар – әкім аппаратының 1 бас маманы. 01.01.2021 ж. бастап бүгінгі күнге дейін кадрлар бойынша қозғалыс болған жоқ.
Аппарат қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 8 айында ҚҚС-сыз жалпы сомасы 4318705,12 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізілді.
Оның ішінде сатып алынғаны:
тауарлар-1733290,54 мың теңге
қызметтер мен жұмыстар – 2585414,58 мың теңге
Бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
01.01.2021 ж.бастап 2021 Ж. мамыр аралығында әкім аппаратында 14 өтініш тіркелді, жеке тұлғалардан - 10. Жазбаша өтініштердің жалпы саны – 2, ауызша-12. Барлық түскен өтініштерге мерзімдерді бұзбай жауаптар берілді.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Белинский ауылдық округі әкімі Н. Кошеров