"2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы

ЖОБА

 

2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

қаулысына

қосымша

2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

 

№ р/с

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

«ТОБЫЛ ЭЛЕВАТОРЫ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

81

2,5 %

2

"2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
16 июля 2021