Жоба
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бейімбет Майлин ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
- Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
шешіміне қосымша
Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
- Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрақты тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ Бейімбет Майлин ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар;
телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төленетін ақы.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың самасы ретінде айқындалады.
- Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – «Бейімбет Майлин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
- Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
- Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен табысы аз отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
- Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығыстар өткен тоқсандағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде нақты шығындар бойынша, бірақ есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтер шығысының нормаларынан аспайтын мөлшерде айқындалады.
- Электр энергиясын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.
- Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
- Аз қамтылған отбасы (Азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не Мемлекеттік корпорациядан не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап сегіз жұмыс күнін құрайды.
9.Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
10.Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған кезде (көрсетілетін қызметті алушының қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
11.Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер ескеріледі.
12.Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылуға жатады, ал көрсетілетін қызметті алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алады.
13.Жалғыз тұратын көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап аяқталады.
Көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайта есептеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
Қайтыс болуына байланысты төлемдерді тоқтату не қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімі негізінде немесе отбасы мүшелерінің азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ай сайын сұрататын мәліметтерді ұсынуы бойынша жүргізіледі.
- Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.
- Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
- Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аударуды уәкілетті орган ай сайын жүргізеді.