Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

Мемлекеттік саяси қызметке түсу:

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке түсу:

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар. 
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 
Өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы бар.

  Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

  Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге қатынасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән – жайларға қарай қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.

Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі
Дата публикации
27 февраля 2020