Жоба
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1) жеке жоспар бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - мүгедек балаларды) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерде ай сайын « Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
«3) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады: сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама; неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растатйтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер; тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйесінен; оқу орнынан мүгедек баланыңүйде оқитындығын растайтын мәлімет; банктік шоттың нөмірі туралы құжат; мүгедектігі туралы анықтама. Өтініште көрсетілген құжаттарды тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады;
4) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі;
5) оқуға арналған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлем тиісті мән-жайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
6) артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |