Ауылдық әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну  кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 1 сайлау округінде 2 кандидат ұсынылды, соның ішінде 1 (50%)  -саяси партиялармен, 1 (50%)- өзін –өзі ұсынумен.

Кандидатура ұсынған саяси партия - «Ауыл»  ХДПП партиясы.

Бәсекелестік 2 адамды құрады.

2021 жылғы 14  шілдеде сағат 18.00-де аяқталатын ү.ж. 10 шілдедегі жағдай бойынша кандидаттар тіркелу  кезеңінен өтті.

Кандидаттар шығып қалған және   альтернатива болмаған  (сайлау округінде екі кандидаттан аз) жағдайда заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі  бес күннен көп емес күнге ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 113-5- бабының  9- тармағына сәйкес  кандидаттарды  тіркеу қорытындылары туралы ақпарат 2021 жылғы  9 шілдеде аудандық газетте жарияланды.

Ауылдық әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
10 июля 2021