Жоба
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) жеке жоспар бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - мүгедек балаларды) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерде ай сайын «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
3) мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады;
4) оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі;
5) оқуға арналған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлем тиісті мән-жайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
6) артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |